11.5 C
Алматы
Суббота, 19 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды – Асхат Аймағамбетов

    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық іс-шараларға келетін болсақ: олар мектептерде өткізілмейді. Бас санитария дәрігерінің шешімі бар, біз бұл шешімге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар болмайды. Мерекелерді бір сынып ішінде өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады», — деп жауап берді ведомство басшысы Сенат отырысында.

    Сондай-ақ, министрге «омикрон» штамының таралуына байланысты «Мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру мүмкін бе?» деген сұрақ қойылды.

    «Бұл туралы айтуға әлі ерте, біз ведомствоаралық комиссияның шешімдері аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығаруға ақпарат жеткіліксіз», — деп түсіндірді министр.

    қатысты посттар

    Балаларды «ақымақ маймылдар» деп атаған мұғаліміге қатаң сөгіс жарияланды

    Фариза

    Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

    Фариза

    Депутат үштілді оқыту жүйесін тоқтатуды талап етті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.