7 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Риддердегі уақытша ұстау изоляторының бастығы қарамағындағы қызметкерге зорлық жасады деген күдікке ілінді

    Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері зорлық жасады деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Күдікті — Риддердегі уақытша ұстау изоляторының бастығы. Бұл туралы Kozachkov offside Telegram-арнасы жазды. Дереккөздің айтуынша, полицейге жақында іздеу жарияланған.

    «Ол ұсталған. Қызметкер Қылмыстық кодекстің 120-бабында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен іздестірілген. Ал 120-бап — «Зорлау». Арызды оның қарамағындағы қызметкер жазған. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс жасалған орын — сол Риддердегі уақытша ұстау изоляторы», — делінген жазба сипаттамасында.

    Бұл жағдайға ШҚО Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев пікір білдірді. Ол Facebook-парақшасында күдікті «құқық қорғау органдарының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылғаны, ал оның тікелей басшыларына, қалалық Полиция басқармасының бастығына дейін қызметінен босату туралы шешім қабылданғанын» жазды.

    «Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Риддер ПБ қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның шеңберінде Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес ол уақытша ұстау изоляторына жабылды. Қылмыстық іс бойынша өзге де деректер Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», — деп жазды Сағат Мәдиев.

    Сондай-ақ, ол «жеке құрам арасындағы заңдылық пен қызметтік тәртіп мәселелері Ішкі істер органдарының қызметінде басым бағыттың бірі саналатынын» айтты.

    «Өз қатарымызды тәртіп бұзушы қызметкерлерден тазарту үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Біздің ұстанымымыз қағидатты, кез келген заң бұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылады, кінәлілерге жұмыстан босатуға дейінгі ең қатаң тәртіптік шаралар қолданылады», — деді ол.

    қатысты посттар

    Қарағанды облысында дәрігерлер науқасқа мас күйінде келген

    Фариза

    Оралда студент қызды зорлаған «Индрайвер» таксиінің жүргізушісі мен танысын полиция қызметкерлері куәгер ретінде тіркеп, бостандыққа жібере салған

    Фариза

    Өскемендік блогер өңірдегі белгілі шенеуніктің өзіне қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын мәлімдеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.