5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақтөбелік жас жұбайлар тойында жалғызбасты анаға баспана сыйлады

    Ақтөбеде шаңырақ көтерген жігіт жұбайы екеуіне берілген екі бөлмелі пәтерді баспана қиыншылығын тартып отырған отбасыға табыстады деп хабарлайды Qazweek.kz Aktobenews.kz-ке сілтеме жасап.

    Өз қуанышында қайырымды іс тындырған азамат – “Харекет” қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Нұрболат Елеусізов.

    Ұзақ уақыттан бері мұқтаж жандарға баспана сыйлап, қуанышқа бөлеп жүрген ол өзінің үйлену тойында да игі іс жасауды ұмытқан жоқ.

    Нұрболат тойға жиналған қонақтардың алдында жас жұбайларға сыйлыққа берілген екі бөлмелі пәтерді Әсия есімді жалғызбасты анаға табыстады.

    ааааа

    Фото: aktobenews.kz

    Тағдырдың тауқыметін көріп отырған Әсия өз балаларынан бөлек мүгедек екі апасы және сырқаттанған анасына қамқор болып отыр екен.

    «Қуанышымызға берген «Харекет» қайырымдылық қорының екі бөлмелі пәтерін аса бір мұқтаж деп Әсияға бергіміз келді. Өзімізде бар кезде қиын адамдарды ұмытпағанымыз жөн. Қоғамдағы әрбір мұқтаж жанға жақсылық жасаудан жалықпасақ оның қайырымы болады», – дейді Нұрболат Елеусізов.

    Айта кетерлігі, «Харекет» қайырымдылық қоры еліміз бойынша 165 баспана табыстаған. Бұл беріліп жатқан баспана Ақтөбе облысы бойынша он екінші үй.

    қатысты посттар

    Бас мүфти: “халал” түсінігі модаға айналып кетті

    2020 жылға арналған Ораза кестесі. Пітір садақаның мөлшері қанша?

    Фариза

    Бүгінгі қоғамның санасы жиіркенішті деңгейге түсіп кеткені қалай? Суреттер сөйлесін

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.