-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда 1153 дана ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылды

    Халықтың әл-ауқаты мен тұрмысының жақсаруы тікелей аграрлық саланың дамуына байланысты. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – ел экономикасының сәтті дамуына ерекше серпін беріп отырған бірден-бір жетекші сала.

    Бұл саланы дамыту үшін биыл республикадан 26,3 миллиард теңге бөлініп, облыстың 12 мыңнан астам тауар өндірушілеріне 18,8 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді. Жыл ішінде 377,5 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 45 миллиард теңгеге жоғарылады. Ал бұл саланың негізгі капиталына 23,2 миллиард теңге инвестиция салынып, ол 1,6 пайызға артты.

    Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өте қолайлы аймақтар санатына жатады. Сондықтан да әулиеаталық шаруалардың биыл егіс алқаптарынан жақсы өнім жинағаны белгілі. Атап айтсақ, 751,9 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, егіс көлемі 30,3 мың гектарға арттырылды. Оның ішінде 378,2 мың гектарға орналастырылған дәнді және дәнді бұршақты дақылдар орылып, оның әрбір гектарынан орта есеппен 12,3 центнерден өнім жиналып, қамбаға 465,9 мың тонна астық бастырылды.

    Бұдан бөлек, облыс шаруалары 270 мың тонна картоп, 483,3 мың тонна бақша дақылдары мен 1 774,7 мың тонна көкөністі уақтылы жинап алды. Әсіресе 24,5 мың гектарға еккен пияздан рекордтық өнім жиналды. Ол 1,2 миллион тоннаны құрады.
    Егіс алқаптарының өнімділігін арттыру мақсатында 40 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізілді. Оның 30,7 мың гектары тамшылатып, 10 мың гектары жаңбырлатып ылғалдандырылуда. Ал тыңайтқышпен қамту да жоспарлы жүзеге асырылуда. Биыл шаруашылықтарды субсидия арқылы 30,8 мың тонна минералды тыңайтқышпен қамту жоспарланса, ол артығымен, яғни 31,6 мың тоннаға орындалып, жоспар 105,4 пайызды құрады. Шаруалардың өз қаражаты есебінен алынған тыңайтқышы 8 мың тонна. Осының нәтижесінде 277,8 мың гектар егістік алқапқа тыңайтқыш енгізілді.

    Жыл санап техника паркі де жаңғыртылуда. Өткен 10 айда 1153 дана ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылып, жоспардағы 10 пайыздың 9,5 пайызы орындалып отыр.

    Бұл кезеңде облыстағы мал саны да 4,8 пайызға артып, 3,9 миллионға жеткен. Атап айтар болсақ, мүйізді ірі қара – 11,8, қой мен ешкі – 3,9, жылқы – 4,9, құс – 27,3 пайызға өскен. Мал және құстың көбейгені ет өндірісінің – 6,9, сүт өндірісінің – 1,6, жұмыртқа өндірісінің – 7,8 пайызға артуына әкелді. Жалпы облыста «Сыбаға» бағдарламасы аясында 366 мүйізді ірі қара, 29860 қой сатып алынған. Мал басы өскен соң шет мемлекеттерге экспортталатын ет өнімінің көлемі де артып отыр. Өткен он айда шетелдерге 4,4 мың тонна ет экспортталған. Оның 3,6 мың тоннасын сиыр, 477,7 тоннасын қой еті құраса, құс еті 301 тоннаға жеткен. Жылқы еті ғана – 0,3 тонна.

    қатысты посттар

    Шымкент: Маусымда 14184 адам тексеруден өткізілмек

    Фариза

    Шымкент: Бірқатар азаматтар мерекелік медальмен марапатталды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.