Четверг, 5 ноября 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада 54 инновациялық мектеп жұмыс істейді

    Еліміздің ғылым саласында 22 мыңнан аса маман қызмет атқарады. Ал, өңірдің орта мектептерінде 431 магистр жұмыс істейді. Бұған қоса, облыста 54 инновациялық мектеп бар.

    Бүгінде мектептерде пәндерді тереңдете оқыту үшін факультативтер мен қосымша курстарды ұйымдастыруға және ғалымдарды шақырып лекциялар өткізіп, ғылыми жоба мен олимпиадаларға дайындау үшін қаржы бөлінеді. Яғни қосымша сабаққа жылына 1500 сағат беріледі.

    «Облыста талантты, озат, интеллектуалдық әлеуеті жоғары жастарды қолдау мақсатында түрлі бағыттағы ғылыми зерттеу жұмыстары мен олимпиадалар ұйымдастырылуда. Өткен жылы Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өтетін «Жас ғалым» халықаралық ғылыми жоба конкурсы, Мәскеу облысы, Королев қаласында өткен «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпы ресейлік олимпиадасына біздің оқушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ, соңғы 3 жылда түрлі олимпиадаға 84 оқушы қатысып, 46 оқушы жүлде иеленді. Ал республикалық ғылыми жоба конкурсында 63 оқушы бақ сынап, 23 оқушы жеңімпаз атанды», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

    Басты мақсат – білімді оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап ғылымға баулу, жол көрсету.

    қатысты посттар

    Аймақтағы экономикалық ахуал тұрақты

    ШЫМКЕНТ: ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН 60 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

    Фариза

    Жамбылда үш бірдей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.