-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Дауылдан зардап шеккен байзақтықтардың мәселесі қатаң бақылауда

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданында болып, 17-18 қараша күндері орын алған дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

    Қатты желдің салдарынан Байзақ ауылының тұрғыны Рауан Бейсенұлының үйі айтарлықтай зардап шеккен. Құрылысшылар екі үйдің қабырғаларын тұрғызуда, көп ұзамай шатырларын жабатын болады.
    Үй иесі қалпына келтіру шаралары жедел қолға алынғанын жеткізді.

    Біздің мәселемізге бей — жай қарамай, осындай қиын сәтте қолдау көрсетіп, жанашырлық танытып жатқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіремін, — деді ол.

    Дихан ауылында да дауылдан кейбір үйлердің шатыры мен қабырғалары бүлінген. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүруде.
    Облыс әкімі қатты жел күні баспанасы өртенген Айдар Айтмахановтың шаңырағында болды. Еңселі үйдің қабырғасынан өзгесі түгел жанып кеткен.

    Үйді қалпына келтіруге көмектесеміз. Қыш кірпіш ертең қар, жауын жауса езіліп кетуі мүмкін. Күн суытпай бірінші кезекте төбесін жауып алу керек. Қалған жұмыстарды шатыр жабыны жабылған соң жалғастыруға болады.
    Мұндай қиындықтардан бізді алып шығатын – халықтың бірлігі. Біз бірліктің арқасында кез келген қиындықтар мен кедергілерді жеңеміз. Ешкім қолдаусыз қалмайды. Барлық құрылыс-жөндеу жұмыстары қысқа мерзімде аяқталуы тиіс. Мердігер ұйымдарға жұмыс қарқынын күшейту тапсырылды. Жергілікті атқарушы органдар өз тарапынан барлық қажетті көмектерді көрсетеді, — деді аймақ басшысы.

    Бердібек Сапарбаев білім беру мекемелеріне де ат басын бұрды. 1951 жылы пайдалануға берілген Базарбай ауылындағы А.Пушкин атындағы мектептің шатыры зардап шеккен. Жақаш ауылындағы А.Суханбаев атындағы (ғимарат 1972 жылы салынған), Көкбастау ауылындағы Амангелді атындағы (1967 жылы) мектептердегі жағдай да осыған ұқсас.
    Жергілікті билік тарапынан барлық көмек көрсетілетін болады.

    Аймақ басшысы мектептерді аралау кезінде оқу кабинеттерімен танысып, мұғалімдерді әңгімеге тартты. «Жомарт түлек» жобасы бойынша жұмысты күшейтуге шақырып, COVID-19-ға қарсы Pfizer препаратымен вакцинациялаудың маңыздылығы туралы ата-аналарға түсіндіру шараларын жүргізу керектігін жеткізді.

    Бердібек Сапарбаев Жібек жолы ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысы барысын да тексерді. Мұндағы жұмыстар осы жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Мектеп келер жылдың қаңтар айында пайдалануға беріледі.

    қатысты посттар

    Облыс әкімі дарынды оқушылармен кездесті

    ШЫМКЕНТ: МАЯТАС, ЕЛТАЙ, ТОҒЫС ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРАШАДА АЯҚТАЛАДЫ

    Фариза

    КӘСІПКЕРЛЕР «ШЫМКЕНТ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ КОРОНОВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 100 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.