Среда, 10 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жамбыл облысында әскери қызметкер өзіне қол жұмсады

    Жамбыл облысындағы Гвардиялық гарнизон әскери бөлімінде офицер өз-өзіне қол жұмсады. Ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «22 қарашада Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімінде офицер А. өз-өзіне қол жұмсады. Марқұмнан хат табылды», — делінген хабарламада.

    Қорғаныс министрлігі мәліметінше, бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    «Тергеу мүддесі үшін, сондай-ақ туыстарының өтініші бойынша басқа мәлімет жария етілмейді», — деп толықтырды Қорғаныс министрлігі өкілдері.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданының ахуалын тексерді

    Фариза

    Қызылорда облысындағы шыны зауыты биыл аяқталмақ

    Фариза

    Қызылорда облысында әлеуметтік төлемдер уақытылы төленіп келеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.