9 C
Алматы
Среда, 6 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «ВИП-қызмет көрсету керек пе бәріне?!» Балабақшада сәбиді жұлқып көтерді (видео)

    Әлеуметтік желіде жекеменшік балабақша қызметкерінің дөрекі әрекеті түсірілген видео тарады. Видео Желіде резонанс тудырды, мектепке дейінгі мекемеде тексеру жүргізілмек, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Желіде тараған кадрларда сырт киімімен еденде жатқан кішкентай қыз көрінеді. Видеодан оның балабақшада қалғысы келмегенін байқауға болады. Сәлден соң оған балабақша қызметкері келіп, қыстық күртесінің жеңінен жұлқып, ертіп кетеді. Видео сипаттамасында мұндай жағдай жиі болатыны жазылған.

    «Мен куәгермін. Балабақшадағы психикасы бұзылған қызметкердің әрекетін жай қалдыра алмадым. Бұны аноним жариялауыңызды сұраймын. Себебі мұндай қарым-қатынасты ортағасырдағы садизмнің бір түрі деп санаймын. 40 000 теңгеге балалардың психикасын бұзатын жеке мекеме! Онда жүрегі ауыратын бала бар, бұлай жалғасса оны қиын жағдайға дейін жеткізеді. Барлық дені сау емес қызметкерді тексергенін қалаймын», — делінген видео сипаттамасында.

    Видеоға қатысты Қарағандының білім басқармасы да пікір білдірді.

    «Видеоны көрдік. 22-23 қарашада осы балабақшада қызметтік тексеру жүргізіледі. Нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз», — деді департаменттегілер.

    Ал желі қолданушылары зардап шеккен баланың ата-анасы полицияға арыз жазуы керек деп санайды.

    қатысты посттар

    «Ренжіме жігітім, маған қыздар ұнайды!» Нұр-Сұлтанда қыздар жалаңаштана шешініп жарысты

    Таразыдан ақша «жейтіндер» Көк базардың сатушылары болып шықты

    Фариза

    Құдыққа құлап кеткен 2 жасар баланы құтқарған мамандар марапатталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.