19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтарда қалай демалады?

    2021 жылдың соңғы айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалады, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Желтоқсанда екі мереке бар – Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні.

    Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсанда тойланады және сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні ел тұрғындары алғашқы демалыс күнін өткізеді.

    Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда тойланады. Екі мерекеден кейін бірден екі тұрақты демалыс болады – сенбі және жексенбі, 18 және 19 желтоқсан.

    31 желтоқсан қазақстандықтардың көпшілігі үшін жұмыс күні. Жылдың соңғы күні жұмаға сәйкес келеді.

    Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар үшін 4 күн қатарынан – 1, 2, 3 және 4 қаңтар демалыс болады.

    Рождество, 7 қаңтар, жұмаға сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндері үш күнге созылады.

    2022 жылы қазақстандықтар барлығы 245 күн жұмыс істеп, 120 күн демалады.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы дақылдарынан межелі өнім жиналуда

    Фариза

    Арал ауданында кальциленген сода өндіру зауыты салынады

    Фариза

    Алматыда 45 мың ит пен мысыққа чип салынады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.