13.1 C
Алматы
Суббота, 4 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ердоғанға Ресей мен Қытай жері қосылған «Түркі әлемі» картасы табысталды

    Ұлтшылдық қозғалысы партиясының жетекшісі Девлет Бахчели Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға «Түркі әлемінің» картасын сыйға тартты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Бахчели картаны Ердоғанға тапсырған сәтінің фотосы партияның Twitter-дегі парақшасында жарияланды. Ресми Анкара бұл картаға ешқандай түсініктеме берген жоқ, деп жазады РБК.

    Картада Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қызыл түспен белгіленген. Сонымен қатар, қызғылт сары түспен Балқан түбегінің кейбір елдерін, Иранның бір бөлігін, Ресейдің оңтүстік аймақтарын, сондай-ақ Сібірдің көп бөлігін, Моңғолияның батыс бөлігін салған.

    Сары түспен Қытайдың Алтай, Якутия және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы белгіленген. Жарияланған суреттің астында бұл түстер нені білдіретіні жазылмаған.

    қатысты посттар

    Басы дауға қалған Павлодар облысы әкімінің қайда екені белгілі болды

    «Осы сөзге бола халықтың неге шулап кеткенін түсінбеймін» Абаев Назарбаевтың 2 сиырға байланысты сөзіне пікір білдірді

    Фариза

    «Нұрсұлтан Назарбаев менің атам емес, ол менің әкем» — Айсұлтан Назарбаев (видео)

    Пікір қалдыру

    2 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.