8 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ердоғанға Ресей мен Қытай жері қосылған “Түркі әлемі” картасы табысталды

    Ұлтшылдық қозғалысы партиясының жетекшісі Девлет Бахчели Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға “Түркі әлемінің” картасын сыйға тартты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Бахчели картаны Ердоғанға тапсырған сәтінің фотосы партияның Twitter-дегі парақшасында жарияланды. Ресми Анкара бұл картаға ешқандай түсініктеме берген жоқ, деп жазады РБК.

    Картада Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қызыл түспен белгіленген. Сонымен қатар, қызғылт сары түспен Балқан түбегінің кейбір елдерін, Иранның бір бөлігін, Ресейдің оңтүстік аймақтарын, сондай-ақ Сібірдің көп бөлігін, Моңғолияның батыс бөлігін салған.

    Сары түспен Қытайдың Алтай, Якутия және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы белгіленген. Жарияланған суреттің астында бұл түстер нені білдіретіні жазылмаған.

    қатысты посттар

    “Мені қамап, ауызымды жаптырмақшы” Қамауға алынған белсенділердің арасында қандай байланыс бар?

    Фариза

    “Халық үшін жұмыс істейтін азамат бұлай жасамайды!”

    Вируспен емес, жемқорлықпен күресу керек – Мәжіліс депутаты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.