21 C
Алматы
Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Жоғары білімі жоқтар ауыл әкіміне сайлауға түсе алады

    Арнаулы орта білімі бар қазақстандықтар ауыл әкімі лауазымына ұсыныла алады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Мұндай жаңашылдық жергілікті деңгейдегі сайлаудың нақтылығын күшейтеді деп есептеймін, әсіресе ауылда халықтың сеніміне ие, бірақ жоғары білімі жоқ білікті тәжірибелі адамдар көп екенін ескерсек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Оның айтуынша, әкімдікке кандидаттар үшін, әсіресе өзін-өзі ұсынғандар үшін үгіт-насихат кезеңін ұлғайту маңызды. Осыған байланысты ол оның мерзімін түзету мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

    Бұдан басқа, сайлау науқанын қаржыландыру кезінде сараланған тәсілді қолдану ұсынылады. Егер солтүстік өңірдегі халық аз қоныстанған ауылдарда қазіргі қаражат көлемі үгіт-насихат шығындарын жабуға жеткілікті болса, онда халықтың тығыздығы жоғары оңтүстікте бұл жеткіліксіз. Аталған ұсынымдар ауыл әкімдерін сайлау тетіктерін жақсартуға бағытталған деп санаймын. Сондықтан оларды егжей-тегжейлі зерттеу керек. Президент Әкімшілігіне нақты ұсыныстар әзірлеп, енгізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

    Ол 2021 жылы елімізде 800-ден астам ауыл әкімі сайланғанын еске салды. Осы сайлаудың нәтижесінде құрам жартылай жаңартылды. Партияның белсенділігі, өзін-өзі ұсынғандардың көптігі және сайлаушылардың белсенді қатысуы осы реформаның қажеттілігін көрсетті.

    қатысты посттар

    Атырау қаласының әкімдігі дайын пәтерлерді көпбалалы отбасыларға бермей отыр

    Фариза

    “Сайлаудың әділ өтуіне кепілдік беремін!” деген Тоқаев сөзінде тұрды ма? Нәтижесі (фото, видео)

    “Бір ғасыр, он жыл өтсе де, ояна алмай жатқанымыз үшін кешіріңіздерші!”

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.