12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Таразда «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» атты әдеби реквием

    «Парасат жолы» жобасы аясында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» атты әдеби реквием ұйымдастырылды.

    Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов; «Желтоқсан ақиқаты» Патриоттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы С.Қонарбаев, филиология ғылымдарының кандидаты Т.Мұқашев; Дулати университетінің «Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты М.Ешмаханов, Дулати университетінің «Филиология және журналистика» кафедрасының доценті, филиология ғылымдарының докторы Г.Әбдір; ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Б.Мақашев; Амангелді орта мектебінде құрметті ұстаз С.Майкенова; Дулати университетінің ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Мусаева; ақын, журналист, ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Е.Досалы; Жамбыл облыстық «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты У.Болатбек; бұқаралық ақпарат құралдары, кітапхана оқырмандары және белсенді жастар қатысты.

    Іс-шара барысында арнайы шақырылған қонақтар, тарихшылар 30 жылдық дербес тарихымыздың әр тұсына көз жүгіртіп, өнегелі-өрнекті сәттерін түртіп өтсе, «Қазаққа қазақ басшы керек» деген ұранмен алаңды жаңғырыққа толтырғандардың арасында болып ел үшін тартысқа түскен тұлғалар, «Желтоқсан» оқиғасының куәгерлері сол күні бастан кешкен, көзбен көрген оқиғаларды баяндап, ескіліктің еншісінде қалған естеліктерін жаңғыртты.

    Сонымен қатар, департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов «Парасат жолы» аясында тұрақты түрде өткізілетін түрлі форматтағы іс-шаралардың мәдениет саласының өкілдері, кітапхананың тұрақты оқырмандары мен облыс тұрғындары үшін маңызды екенін айтып өтті. Б.Ниязов аға буынның адалдық пен әділдік, шыншылдық үшін күреске түскен ерлігі жастарға үлгі болу керектігін айтты. Сонымен қатар жастарды сапалы білім алуға шақырды, себебі еліміздің іргесінің берік болуы білімді жастардың қолында екендігін атап өтті.

    Тәуелсіздіктің құрдастары қайсарлық көрсеткен аға буын өкілдеріне алғыстарын білдірді. Белсенділігі жоғары оқырмандар да көңілдерін мазалаған сауалдарын қойып, кездесудің қызығына қызу қоса түсті. Кеш соңында өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалардың ортасында болған батырлардың әңгімесін, өнегесін тыңдаған кітапхана оқырмандары аға буын өкілдеріне зор алғыстарын білдірді.

    қатысты посттар

    Қолөнер шеберінің еңбегі

    Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті секциялар ашылды

    Фариза

    Шымкентте бір күнде 63 тонна қырыққабат тегін таратылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.