11 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Мойынқұмда 4 шаруашылық жаңбырлатып суғару технологиясын егізуде

    Биыл Мойынқұм ауданына мемлекеттік бағдарламалар аясында 1,8 млрд теңге қаражат бөлініп, 8 жоба іске асуда. Сонымен қатар 5 662 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 788 гектарға сүр айдалды. Аудан аумағындағы 4 тоғанның 17,8 шақырымы механикалық тазалаудан өтіп, 22 гидро қондырғы орнатылды. Сондай-ақ 4 шаруа қожалығы жаңбырлатып суғару қондырғыларын енгізу үстінде. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков айтып берді .

    Ол жыл басынан бері кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан 529,6 млн теңге қаржы берілгенін де мәлімдеді. Нәтижесінде, «Еңбек» бағдарламасымен 18 адам 64,9 млн теңге шағын несие алса, 59 азаматқа 34,3 млн теңге өз кәсіптерін бастау үшін қайтарымсыз грант ретінде үлестірілген.

    «Бизнестің жол картасымен» 31 кәсіпкер 430,4 млн теңге несие алды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 4 жоба Аграрлық несие корпорациясы мен екінші деңгейлі банкке ұсынылды. Алайда, олардың кепілге қойған мүліктері талапқа сай келмей, кері қайтарылды», — деді спикер.

    Ауданда тұрғын үй кезегіне 97 азамат тіркелген екен. Былтыр 4 қабатты жатақхананың екі қабаты ағымдағы жөндеуден өтіп 11 отбасына берілген. Қалғаны екі қабаты келесі жылы жөнделмек. Сонымен қатар қазір Мойынқұм ауылынды 2 пәтерлі 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2022 жылы қосымша 4 тұрғын үй салынады.

    Екі жыл бұрын Меркі-Шу-Бурылбайтал және Нұр-Сұлтан-Алматы автожолының құрылыс жұмыстары басталған болатын. Аталған нысандардың Мойынқұм ауданы аумағындағы бөлігінің алғашқысы келесі жылы, екіншісі 2023 жылы аяқталады екен.

    Оның айтуынша, биыл автомобиль жолдары саласына 407,8 млн теңге қаржы бөлінген. Бұған 18 көше орташа жөндеуден өтеді екен.

    «Бүгінде Бірлік ауылының 10 көшесі мен Биназар ауылының 3 көшесі толық аяқталып, пайдалануға берілді. Мыңарал, Қылышбай ауылдарының көшелері қараша айының ортасында беріледі. Ал ауданда 17 ауыл орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Ақсүйек ауылына су тарату 1,4 млрд теңге қаралып, бюджеттік өтінім жолданды. Қазір «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қарабөгет-Сарыөзек ауылдары сумен жабдықталуда. Оған 743 млн теңге бөлінді», — деді спикер.

    Ақбақай, Көкжелек, Хантау ауылдарына су құбырын тарту жобасының жыл соңында мемлекеттік сараптама қорытындысы алынады. Сол сияқты, Бірлік ауылына тазарту қондырғысын салу жобасы сараптамадан өтуде. Қылышбай ауылына 2019-2020 жылдары су қабылдау имараттарының 2 кезеңінің құрылысы жүргізілген. Енді суды тұщытатын мембранды қондырғы орнатылып жатыр. Мойынқұм ауылындағы 11 көшенің ауыз су құбырлары ағымдағы жөндеуден өтуде, қаралған қаражат – 100 млн теңге. Айдарлы ауылындағы ауыз су құбыры желісін ағымдағы жөндеуден өткізуге 53 млн теңге жұмсалған.

    қатысты посттар

    Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов 1 орында

    Семей әкімі ҚР Президенті сайлауында дауыс берді

    ШЫМКЕНТТІҢ «СТАНДАРТ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ӘУЕСҚОЙЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.