7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдық мемлекеттік қызметкерлер сертификатталған жоба менеджері мәртебесіне ие болады

    ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинардың ашылуы өтті.

    Шараның ашылуына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық тәсілді енгізуді тапсырған болатын. «Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы» негізінде жобалық офис құрылды. Қазіргі таңда жобалық офис «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау бойынша жүйелі шаралар қабылдауда.
    Мемлекет басшысы 10 ұлттық жобаның тізбесін бекітті. Олар Ұлттық даму жоспарының Жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру мақсатында қабылданды.
    Мемлекеттік аппаратқа қоғам өмірінің барлық салаларында қайта құрулар өткізуші маңызды рөл беріледі. Мемлекеттік бағдарламалардың табысты іске асырылуы нақ мемлекеттік қызметшілерге байланысты. Оларға қойылатын басты талап – қоғам игілігі үшін елеулі нәтижелерге қол жеткізу. Жамбыл облысында 4887 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін әйелдердің үлесі 41 пайызды құрайды. Мемлекеттік қызметкерлер қатары жасарып, жұмысқа жоғары білімді жастар келуде. Үлкен еңбек өтілі бар қызметкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Ағымдағы жылы барлығы 727 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған, оның ішінде 599 мемлекеттік қызметші оқытудан өтті. Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеудің ақтық кезеңіне Жамбыл облысынан 3 үміткер өтті. Қабылданған шаралар мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен айқындығын, мемлекеттік аппараттың сабақтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, – деп атап өтті облыс әкімі.

    Аймақ басшысы семинар барысында алған білімдерін іс жүзінде пайдалану керектігін қадап айтты.

    Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ түретін мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың барлық өтініштеріне жедел әрі тиімді жауап беруге бағытталған. Мемлекеттік қызметкер халыққа жақын, сындарлы диалог орната алуы тиіс. Немқұрайлылық пен жауапсыздыққа жол берілмейді. Басшылар қағазбастылықтан аулақ болуы керек. Азаматтардың мәселелерін жедел шешуі қажет, – деді облыс әкімі.

    ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл де өз ойын ортаға салды.

    Ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы бекітілді, оның шеңберінде әкімшілік-бақылау бағдарынан мемлекет пен халықтың өзара іс-қимылының сервистік моделіне көшу жүзеге асатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес мемлекеттік басқаруда жобалық тәсілді енгізу бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, ұлттық жобалардың тізімі бекітіліп, мемлекеттік органдардың жобалық офистерін құру туралы шешім қабылданды. Мұның бәрі мемлекеттік қызметкерлер түрлі бастамаларды іске асыру кезінде жобалық менеджмент құралдарын қолдануы үшін жасалуда. Жобалық менеджменттің мәні – ең аз шығынмен жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім әзірлеу, – деді ол.

    Семинар 19 қарашаға дейін жалғасады. Тыңдаушылар ҚР СТ ISO 21500-2014 «жобаларды басқару бойынша басшылық» ұлттық стандарты бойынша сертификаттау емтиханынан өтеді.

    қатысты посттар

    Шымкентте коронавирусқа шалдыққан келіншек дені сау сәбиді дүниеге әкелді

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінің жұмысымен танысты

    Фариза

    Атшабарды көшіру – заман талабы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.