17 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Мәдениет күндері: Көшпенділер ізімен Тараздан Түркістанға

    Тарихи Тараздан киелі Түркістанға көшпенділер ізімен керуен жолға шықты. Жамбыл облысының Түркістандағы күндері аясында «Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» атты көш түзеген керуенді шығарып салу салтанаты Қазақ хандығының туын тіктеген Керей мен Жәнібек хандардың монументі алдында өтті.

    Шараға зиялы қауым өкілдері, «күміс көмей», «жез таңдай» әншілер мен өнер иелері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

    «Тараз – тарихымыздың темір қазығы» – деп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, тарих тереңінен тамыр алатын рухани мұрамаларымызды жас ұрпаққа дәріптеп, аманаттау бүгінгі күннің мерейлі міндеті.

    Шараның басты мақсаты – XX ғасырдың басына дейін сақталып келген керуен жолын жаңғырту, Қытай, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырғандығын көрсету, жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүрді сақтау, жаңғырту, Тараздың Орталық Азиядағы ең көне қалаларының бірі екендігін айшықтау түсу.

    Көшті шығарып салу барысында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының өнерпаздары ән шашу шашса, Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы театрландырылған қойылымды көпшілік назарына ұсынды. Осылайша, қазақы дәстүрмен ақ бата беріліп, мәдени, рухани керуен бабалар ізімен Түркістан жеріне аттанды. Аттанған керуен-күйменің құрамында 10 түйе, 6 бота, 20 ат, 3 ат арба, 1 керуен басы, 1 жыршы, 1 батыр, 14 қыз-жігіттер бар.

    Облыс әкімінің бастамасымен, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып жатқан өңіраралық мәдениет күндері аясында тағылымды шаралар да көпшіліктің назарына ұсынылатын болады.

    Айта кетсек, Жамбыл облысының Түркістан облысындағы күндері аясында екі күн бойы «Тараз – Ұлы даланың көне шаһары» атты жылжымалы көрме, облыстық кітапханалардың «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы – жарқын Жамбыл өңірі» атты жылжымалы мәдени шарасы, «Тараздан Түркістанға Шашу» атты мерекелік концерті ұйымдастырылмақ.

    қатысты посттар

    Шетелдік суретшілер ШҚО табиғатына тәнті болды

    ҰБТ – 2020: санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс

    Фариза

    Жамбыл облысы аумағында 646 ұңғыма қазылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.