19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Арзан Toyota Camry ала қоймақ болғандар алаяққа жем болды

    Алматы тұрғыны жоқ Toyota автокөлігін сатқан, – деп хабарлайды  Qazweek.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

    Полицияның мәліметінше, күдікті 43 жастағы С. есімді ер адам нарық бағасынан төмен бағамен Toyota Camry 40 көлігін “сатқан”. Алаяқ өз мақсатын жүзеге асыру үшін бірнеше ұялы телефон қолданған. Ол өзін көлік иесімін, кейін ломбард қызметкерімін бірде Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерімін деп таныстырған.

    “Ең өтімді көліктерді арзан бағамен сатып алғысы келетіндер көп болған. Келіссөз барысында алаяқ жәбірленушілерге клиент көп деп түсіндіріп, оларды алдын ала төлем жасауға асықтырған. Ақша аударған соң телефонын өшіріп тастаған. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.”

    С. есімді азаматтың қатысуымен 15 алаяқтық дерегі анықталғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын сұрайды: 227-55-02; 8-708-380-54-00; 8-775-663-94-36.

    қатысты посттар

    LRT ісі: қорғаушы апелляциялық сотқа Исекешевті, Сағынтаевты, Досаевты, Тасмағамбетовті шақыруды сұрады

    Фариза

    “Балама зорлық көрсеткендер әлі жұмыс жасап жүр” ШҚО-да әскерде қаза тапқан сарбаздың ата-анасы әділдік іздеп жүр

    Фариза

    “Сайлау барысында күні-түні ұйқысыз жүрдім…” – Әміржан Қосанов ауруханаға түсіп қалды

    Пікір қалдыру

    2 + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.