-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда 18 жастағы қызды жалдамалы пәтерде өлтіріп кетті: күдікті ұсталды

    Күдікті Алматы қаласының маңында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр

    Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікке ілінген жігіт ұсталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Оқиға Медеу ауданындағы «Латифа» тұрғын үй кешенінде болған.

    Қала полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ұсталды, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    «Күдікті С. деген азамат Алматы қаласының маңында ұсталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына (ұстап алу негіздері) сәйкес ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр», — деп хабарлады Медеу ауданы полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

    Айта кетері, қыздың қазасы туралы жазба 8 қарашада әлеуметтік желіде жарияланды.

    «Алдымен тұншықтырып, кейін өртеген. Учаскелік полицияға бұған дейін тәулікке берілетін пәтерлерде притон бар екенін бірнеше рет айттық. Бірақ олар тұрғындардың сөзін елемеді. Қазір учаскелік полицейлер оның жезөкше болғанын айтып жатыр», — делінген желідегі жазбада.

    Алматы қаласының полиция департаменті кісі өлімін растады. Сонымен қатар жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

    КТК телеарнасының хабарлауынша, жантүршігерлік жағдай 13-қабатта болған. Тұрғындардың айтуынша, 18 жастағы А. есімді қызды жігіті өлтірген.

    Пәтерге жігітімен келген бойжеткен туған әпкесіне кешкі жеті шамасында «құрбымның үйінде түнеймін» деп жазып жіберген. Алайда біршама уақыт өткеннен кейін «ұрып жатыр» деп бір ауыз сөз жазып үлгеріп, көмек сұраған.

    қатысты посттар

    98 баптан тұратын Конституциямызда ұлтты қорлайтындарды жазалауға арналған бір заңның болмағаны ма?

    Фариза

    Көпбалалы аналардың жәрдемақысы қысқарады – рас па?

    Фариза

    Заңсыз митингке шыққандарға заңды шаралар қолданылмақ

    Пікір қалдыру

    four + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.