15 C
Алматы
Жұма, 17 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Таразда қаласында Сарысу ауданының күні өтті

    Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Таразда қаласында Сарысу ауданының «Туған жерім – дархан далам» атты мәдениет және өнер күндері өтті. Бұл іс-шараға сарысулықтар үлкен дайындықпен келіпті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісі сарысулықтар ұйымдастырған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аралады.

    Мұнда азық-түлік тауарлары арзан бағамен саудаланып жатты. Облыс басшысы тұз өндірумен айналысатын «Асыл тұз» ЖШС-ның және жеміс-жидек, қауынішек, қауынқақ әкелген шаруа қожалықтардың жетекшілерімен сөйлесіп, жұмыстарына табыс тіледі. Сонымен қатар спорттың каратэ, қазақ күресі, бокс түрлерімен айналысып жатқан жасөспірімдерге де назар аударды. Жәрмеңкенің маңында өткен кір тасын көтеру, асық ату, арқан тарту жарыстары да тұрғындардың көңілінен шықты.

    Облыс әкімі техникалық жетістіктер, өнер және кітап көрмелерін тамашалады. Аудандық кітапхана дайындаған кітап көрмесі де көпшіліктің көңілінен шықты. Неміс, күрд, кәріс, қырғыз ұлтының өкілдері өткізген көрме де іс-шараның маңызын арттыра түсті. Алтыбақанды да жастар тербетіп қызықтап жатты. Сарысулықтардың «Таразға тарту» ретінде екі метрлік торт әзірлеп келгені де өзге аудандарға қарағанда ерекше сый болды. Көрмеге Асанәлі Әшімов, Илья Жақанов, Дулат Шалқарбаев, Тынышбай Рахымов, Пернебай Дүйсенбин, Мейрамбек Төлепберген, Маралтай Райымбекұлы, Қали Сәрсенбай, Сағындық Ордабековпен бірге әріптесіміз Тұрсынбек Сұлтанбектің де кітаптары қойылыпты. Сондай-ақ Майкөт Сандыбайұлы, Сәуле Жанпейісова, Байдәулет Сазабеков, Дулыға Ақмолда, Төлеу Үшқоңыров секілді танымал азаматтардың үлкен картиналары да көргенге үлкен әсер сыйлайды. Өңір басшысы осы жерде сарысулық ақсақалдармен кездесіп, әңгімелесті.

    «Жаңғырған Жаңатас» жобасы қолға алынып, ірі кәсіпкерлердің қолдауымен жалғасын табады. Бүгінгі іс-шараларыңыз өте жақсы», – деді Бердібек Машбекұлы.

    Мұнан соң облыс әкімі бастаған қонақтар көпшілікпен мерекелік концертті тамашалады. Концерт Жаңатас қалалық өнер мектебінің оркестрі орындаған күймен басталды. Есімі елімізге белгілі дәстүрлі әнші (түбі сарысулық) Ардақ Исатаева да көпшілік алдында Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін шырқағанда көрермендер ризашылықпен қол соқты. Ынтымақ Шералиевтың «Сарысуым» әнін Мейіржан Омаров пен Назерке Сақтаған шырқады. Аудандық вокальды ансамбльдің өнеріне де көпшілік сүйсініп отырды. Ахат Кенжебаев орындаған «Молдабайдың әні» де көрерменді бір желпінтіп тастады. Концерт соңында сахнаға облыс әкімінің ықылас гүлі әкелінді

    қатысты посттар

    Шымкент: 276 орамда инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып жатыр

    Фариза

    Шымкент: Қаратау ауданындағы 5 шағын ауданға газ тартылуда

    Фариза

    Қызылорда: Екінші тоқсанда 40 мың оқушы дәстүрлі түрде білім алады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.