9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жуалы бағынан 700 тоннадан аса алма жиналды

    Биыл Жуалы ауданында барлығы 427 гектар аумаққа алма ағаштары отырғызылған. Оның ішінде 389 гектардан астамы жеке шаруашылықтардың үлесінде болса, 38 гектарға жуығы үй іргесінде орналасқан. Онда жалпы алма өсірумен айналысатын 40 қожалық бар.

    Бүгінде жеке шаруа қожалықтар 650 тоннаға жуық өнім алса, үй іргесінде орналасқан алма бақтарынан 89 тоннадан аса алма жиналған.

    Жуалы жерінде 5 түрлі (Семиреченская, Золотой превосход, Айдаред, Старкримсон, Зестар) алма сорты өсіріледі. Алма өсірумен айналысатын шаруалардың бірі – Қызыларық ауылдық округіндегі «Дархан» шаруа қожалығы 70 гектар алмабақтан 300 тонна өнім алды. Қожалық иесі Дәулет Усенбаев науқандық жиын-терім жұмыстары барысында ауылдың 20 тұрғынын уақытша жұмыспен қамтыған. Жиналған өнім өңірмен қатар, көршілес Түркістан облысына жөнелтіледі. Сондай-ақ Тараз қаласында өтетін жәрмеңкелерде сатылымға шығарылуда.

    Серіктестік иесі Д.Усенбаев заман талабына сай техналогияларды пайдалана отырып алма бағын күтіп- баптауда. Соның арқасында мол өнімге кенеліп отыр.

    Ал, жамбылдық шаруалар әр гектардан 8 тонна жүгері жинады.

    Биыл Жамбыл ауданында егілген жүгері алқабының өнімділігі жоғары. Жергілікті әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман-агрономы Амангелді Әбдібеков биыл 1 800 гектар жерге жүгері тұқымын сепкендерін айтады.
    Бүгінде аудандағы егістіктің 1 530 гектары орылып, одан 8770 тонна өнім алынған.


    Жоғары өнімге қол жеткізген Гродекова ауылдық округінің шаруалары 263 гектарға жүгері еккен. Табысын еселеп отырған Александр Рыбалко биыл 7 гектарға, ал «Тимофеев» шаруа қожалығы 50 гектарға жүгері дәнін сепкендеріне еш өкінбейді.
    Шаруалардың алды гектарынан 8 тонна өнім алып, қамбаларына бастыруда.

    Жылдық көрсеткішке қарағанда биыл дала аруынан анағұрлым көп өнім жиналып отыр. Судан еш тапшылық көрмедік. Жүгері сабақтарының бойы 2 метрге жетеді. Арасында жинап жүрген техникаларды әзер байқайсыз. Келер жылы егістік көлемін ұлғайту жоспарымызда бар, – дейді Александр Евгеньевич.

    Биыл Жамбыл ауданында егілген жүгері алқабының өнімділігі жоғары. Жергілікті әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман-агрономы Амангелді Әбдібеков биыл 1 800 гектар жерге жүгері тұқымын сепкендерін айтады.

    қатысты посттар

    Шығыстан сақтардың қонысы табылды

    Шымкентте қоғамдық көліктерді күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Қызылорда облысының күріш өсірушілері күріш өнімділігі бойынша жаңа рекорд орнатты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.