Суббота, 5 октября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл қоймаларында аймақ тұрғындары тұтынатын көкөніс қоры жеткілікті

    Облыстағы қоймаларда картоптың – 9830, сәбіздің – 4650, пияздың 86180 тоннасы және басқа да сұраныстағы көкөніс пен жемістің 8555 тонна қоры жинақталған.

    Биыл жамбылдық диқандар мол өнімге қол жеткізді. Науқан кезінде облыс бойынша 378,2 мың гектар дәнді масақты дақылдар орылып, барлығы 465,9 мың тонна дән бастырылды. Сонымен қатар 269,6 мың тонна картоп, 483,3 мың тонна бақша дақылдары, 1 762,0 мың тонна көкөніс, 129,4 мың тонна дәндік жүгері, 42,2 мың тонна майлы дақыл жиналған. Жиын-терін әлі де жалғасуда. Барлық көрсеткіштерде өткен жылмен салыстырғанда өсім бар.

    Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, аймақта қолданыстағы 236 қойманың сыйымдылығы 255 954 тоннаны құрайды. Биыл жалпы сыйымдылығы 13 мың тоннаны құрайтын 3 қойма іске қосылса, 74,5 мың тонна өнімді сақтауға қауқарлы 5 қойманың құрылысы жүзеге асуда.

    Жалпы облыста 2 миллион тоннаға жуық негізгі және сұранысы жоғары жеміс-көкөніс өнімдері өндіріледі. Өнімдердің өндіріс көлемдері облыстың ішкі сұранысын толық қамтамасыз етеді. Маусымаралық кезеңге қажет ететін көкөніс өнім көлемін өңірдегі қоймаларда сақтауға толық мүмкіншілік бар.

    Ауыл шаруашылығы өнімдерді қоймаларға қыркүйек-желтоқсан айларында қойылады. Қазіргі таңда 1 миллион 586,3 мың тонна картоп, сәбіз бен пияз жиналған. Бұл өнімдердің 913 ,3 мың тоннасы сатылып кеткен. 106,8 мың тоннасы 168 қоймаға қойылған. Қоймада картоптың – 9830, сәбіздің – 4650, пияздың 86180 тонна және басқа да сұраныстағы көкөніс пен жемістің 8555 тонна қоры жинақталған.

    Сондай-ақ, Жамбыл облысында күздік дала жұмыстары қызу жүруде. Келер жылдың өніміне 152,7 мың гектар алқапқа күздік дақылдар егу жоспарланған. Бүгінгі таңда 147,7 мың гектар күздік дақылдар егуге егістік жер дайындалып, жоспар 96,7 пайызға орындалып отыр. Нақты айқанда 118 782 гектар алқапқа күздік бидай себілген, бұл жоспардың 77,8 пайызын құрайды.

    «Сапалы өңделген топырақта ғана дақылдың өсіп, дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады, дейді сала мамандары. Сондықтан астықты молынан өндіру мақсатында байзақтық диқандар сүдігер жыртып, тыңайту жұмыстарын жүргізіп жатыр 2022 жылдың өнімі үшін 231,2 мың гектар сүдігер жыртылып, жоспар 53,6 пайызға орындалып отыр»,-дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов.

    қатысты посттар

    Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен 54 отбасы баспаналы болды

    Фариза

    Қызылордада жыл соңына дейін мыңға жуық отбасы баспаналы болады

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» БОЙЫНША 3500-ДЕН АСТАМ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.