-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстанда тұрғын үй жалдау бағасы өсті

    Тамызда тұрғын үй шаршы метрі 1 877 теңге болып, жалдау бағасы 2,1% өсті.

    Бір жыл ішінде тұрғын үйлерді жалдау бағасы 19% өсті. Ал Қазақстанның үш өңірінде бұл баға 30%-ға артқан, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап. 

    2020 жылдың осы уақытымен салыстырғанда тұрғын үй жалдау бағасы бірден 18,5% өсті. Ал былтыр бұл көрсеткіш тек 9,8% өскен еді. 

    Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 4,2%-дан бастап, 37,4%-ға дейін жетті. Сондай-ақ, Алматы (35%) мен Шымкент қалаларында (33,8%) бағаның айтарлықтай қымбаттағаны байқалады. 

    Тамызда тұрғын үй шаршы метрі 1 877 теңге болып, жалдау бағасы 2,1% өсті. Ал қыркүйекте Нұр-Сұлтанда шаршы метрі – 3 443 теңге, Алматыда – 3 062 теңге, Ақтауда – 2 359 теңге және Түркістанда 2 307 теңге болды. 

    Ең төмен баға келесі үш өңірде тіркелді:

    • Таразда шаршы метрі – 1 370 теңге;
    • Қызылордада – 1 398 теңге;
    • Семейде – 1 452 теңге. 

    қатысты посттар

    Тағдыр дегеніміз не? Оны қалай түсінген дұрыс?

    43 градус ыстық: Елімізде ауа райы қалай болмақ?

    «Жас кәсіпкер»: Қызылорда облысында өз кәсібін ашқан жастардың қатары артуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.