22 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына орай ғылыми-практикалық конференция өтті

    2021 жылдың 29 қазан күні «Ұлттың үнжариясына – 100 жыл» тақырыбындағы жас ғалымдар арасында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

    Конференция ұлттың үнжариясы Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына арналды. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қазақстан Журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалы, «Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен «Alem Science» халықаралық ғылыми журналы ұйымдастырды.

    Мақсаты – Қазақ радиосының қазақ журналистикасындағы маңыздылығын, ерекшеліктерін жастар арасында насихаттау, ақпарат айдынындағы тарихы терең қара шаңырақта қызмет еткен біртуар азаматтардың еңбегін үлгі ету.

    Конференцияның пленарлық отырысыЖамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткізілді. 

    Конференцияға «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Болатбек Уалихан Болатбекұлы модераторлық жасады.

    Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абдралиев Фархат Үсіпжанұлының құттықтау сөзімен басталды.

    Конференцияға филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының академигі, Қазақ радиосының тарихын 10 жылға ілгерілеткен зерттеуші Омашев Намазалы Омашұлы,Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, сатирик-ақын, «Ақпарат саласының» үздігі, Жамбыл радиосының жетекшісі Әлімқұлов Бақытжан Советұлы,Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, «Jambyl-Taraz» қоғамдық саяси газетінің директор-бас редакторы Төленді Дәулет Төлендіұлы қатысып, «Қазақ радиосы қалай ашылды?», «Жасампаз Жамбыл радиосы» тақырыптарында баяндама жасады.

    Сонымен қатар, Қазақ радиосының дауылпаз дикторы Әнуарбек Байжанбаев туралы жас ғалымдар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері Тайжан Гүлнар Едігеқызы, Дурсунова Эсмер Армизовна бандады.

    Тәрбиелік-танымдық мәні зор конференцияғареспубликаның жас журналистері (тележурналистика, радиожурналистика, мерзімді басылымдар, интернет журналистика және т.б.), білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары және колледж оқытушылары ZOOM платформасы арқылы қатысуға мүмкіндік алды.

    Пленарлық отырыс соңында ұйымдастырушылар конференция қонағы Намазалы Омашұлына облыс әкімдігінің атынан ілтипат жасады.

    Ал, конференцияның секциялық жұмыстары Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде өтуде.

    ​Жас ғалымдардың «Ұлт үнжариясының терең тарихы және ақпарат айдынындағы артықшылықтары», «Қазақ радиосында қызмет еткен тұлғалардың журналистика саласындағы дара жолы» тақырыптарындағы ғылыми мақаласын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ұстаз институты, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы және Жамбыл радиосының жетекшісі Әлімқұлов Бақытжан Советұлыбағалайды. 

    ​Жас ғалымдарға конференцияға қатысқандығын растайтын сертификат, ал ғылыми мақаласының мазмұны озық шыққан қатысушыларға арнайы орындар тағайындалып, диплом беріледі.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

    Фариза

    Шымкент: Бірқатар азаматтар мерекелік медальмен марапатталды

    Фариза

    ТАРАЗДА «АБАЙДАН АМАНАТ» АТТЫ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.