-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ресейлік әйел 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып жүрген

    Шемонаиха қаласында 4 жыл бойы қазақстанның зейнетақысын алып жүрген Ресей Федерациясының азаматшасын анықтады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    ШҚО Полиция департаментінің Көші-қон қызметкерлері күнделікті облыс аумағында қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

    Қос азаматтықпен жүрудің себептерінің бірі – бұл карантиндік шектеулер кезеңінде мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту, төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл эмиграция мүмкіндігі, жаппай тәртіпсіздіктер, қылмыстық қудалау, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы, материалдық артықшылықтар алу, атап айтқанда зейнетақы есебі, балалардың тууы кезіндегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдік шарттары болып отыр.

    – Жыл басынан бері 800-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айыру тіркелді. Негізгі бөлігі – Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған тұлғалар, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. ⠀

    Сонымен қатар, қос азаматтық үшін 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 24 адам, Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін пайдаланғаны үшін 61 адам.

    Қос азаматтықтың тағы бір жағдайы Шемонаиха ауданының Көші-қон қызметінің қызметкерлері анықтады. Тәртіп сақшылары 2013 жылы Саратов облысында Ресей Федерациясының азаматтығын алған, 63 жасар қала тұрғынын анықтады. Алайда заңнаманы елемей, Қазақстанда тұрып, ҚР азаматтарының құжаттарын пайдаланды, бұл ретте қазақстандық зейнетақы алғаны және осы күнге дейін мемлекеттік қызметтерді пайдаланған.

    Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттары алынып, азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК- нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

    Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін және елдің заңнамасын сақтауды сұрайтынын еске салады.

    қатысты посттар

    12 мамырдан бастап Шымкентте қоғамдық көліктер жүре бастайды

    Фариза

    Француз депутаты коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр

    Фариза

    Жәрдемақымызды жеп отыр – мүгедек жандарды күтушілер

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.