9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Сот жүйесінің ғалымдары Жамбыл облысында жазаны орындау бойынша мамандандырылған сот құру туралы ұсыныс жасады

    Таразда «Сот жүйесі ғалымдарыныңдиалогы» 1-ші Халықаралық форумы өтті. ОғанРесей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан жәнеБелоруссиядан келген шетелдік заңгерғалымдар, Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов, Жамбыл облысының әкімі БердібекСапарбаев, Жоғарғы Сот, Судьялар одағыныңтөрағасы Сәкен Абдолла, Сот төрелігіакадемиясының ректоры Зәуреш Баймолдина, Жамбыл облыстық сотының төрағасы ЕрболАхметжанов, жергілікті жоғары оқуорындарының ректорлары қатысты.

    Ауқымды шара Қазақстан СудьяларыныңVIII Съезінде қойылған тапсырмаларды іскеасыру аясында ұйымдастырылды.

    Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов сот ғимаратын «ең алдымен, судьяларға емес, процеске қатысушы адамдарға қажет» деп атап өтті. Спикер 3 жыл ішінде 3 облыстық соттың жаңа ғимараты пайдалануға берілгенін, 2022 жылы тағы да 4 ғимарат салынатынын жеткізді.

    Қоғам сенімін арттыру мақсатында соңғы 3 жыл ішінде қабылданған шаралар қатарында, татуласу рәсімдері мен белсенді түсіндіру жұмысының нәтижесінде жоғары тұрған соттарға шағымдардың азайғаны  айтылды. Соттар тәуелсіздігін нығайту, сот актілерінің жаңа форматы, ақтау үкімдері санының артқан.

    Ж. Асанов әкімшілік әділет жүйесі қолданысқа енген 3 ай ішінде 21 жаңа әкімшілік сотқа 7 мың талап арыз түсіп, арыз иелерінің 60 пайызы, жеке тұлғалар, бизнес өкілдері өз мақсаттарына қол жеткізгенін атап өтті. ӘРПК-ге дейін талап арыздарды қанағаттандыру деңгейі 14 пайызды құрады.

    «Жалпы алғанда, соттың миссиясы біреу – сот төрелігін заңды әрі әділ жүзеге асыру. Соттардың күнделікті қызметі мен жүргізіліп жатқан реформа азаматтардың, бизнес өкілдері мен инвесторлардың сенімін ақтауғабағытталуы тиіс», – деп түйіндеді Ж. Асанов. 

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде сот төрелігінің өзекті мәселелерін талқылау және сот жүйелерін дамыту, сот құрылымы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі озық тәжірибемен алмасу алаңына айналған халықаралық форум жұмысының маңыздылығына тоқталды.

    Сот жүйесі – билік тармақтарының біріжәне оған әрдайым баса назар аударылады. Басты мақсат – адалдық, заңдылық, әділеттілікқағидаттарын басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтарын қорғау. Сіздергеқұқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдағытұрақтылықты нығайту, әлеуметтік, еңбекдауларын шешуде үлкен жауапкершілікжүктеледі. Бүгінде сот жүйесіне реформа жүргізілуде. Мемлекет басшысыныңтапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақасатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзегеасуда. Сондай-ақ, жаңа ақпараттықтехнологиялар қарқынды түрде қолданысқаенуде, «Виртуалды сот» жобасы іске қосылды, бұл жұмыстың жеңілдеуіне, халық үшін сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігінемүмкіндік беруде. Осындай ауқымдағы іс-шараның Таразда өтуінің өзін мәні бар. Өңірімізден шыққан тұлғалар арасында сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқандар аз емес, – деді облыс әкімі.

    Аймақ басшысы жергілікті билік пен судьялар корпусы арасында тығыз қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын атап өтті. Медиаторлардың, Билер кеңесінің жұмысына баса тоқталды.

    Судьялар одағының төрағасы Сәкен Абдолла республика соттарында 91 ғалым еңбек ететінін атап өтті. Олардың 6-ауы – ғылым докторы, 4-еуі – PhD доктор және 81-і – заң, психология, экономика, саясатғылымдарының кандидаттары. Спикер сот жүйесін дамытудағы ғалым-судьялардыңүлесін атай келе, оларды ғылыми атақтарғаұсынуда теңқұқықтық қағидатын қамтамасызету, ғылыми дәрежесі бар судьялардыңжалақысына үстемеақы қосу, Салық Зимановатындағы медаль бекіту және оны сот жүйесіндамытуға үлес қосқан тұлғаларға тағайындаутуралы бастама көтерді. 

    Жамбыл облыстық сотының судьясы, заңғылымдарының кандидаты Лаззат Рамазановаөз баяндамасында Жамбыл облысында жазаларды орындау бойынша мамандандырылған сот құрудың пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі ұсыныс енгізді. Қазіргі уақытта мұндай соттың құрылуыбірқатар мәселелерді шешеді, шығарылатынсот үкімдерінің сапасын артырады, судьяларғажүктемені азайтады. Бұл ұсыныс жиынқатысушыларының оң қорытындысын алып, форум резолюциясына енгізілді. 

    Сондай-ақ форум аясында екі кітап жинағытаныстырылды. Оның бірінде – сот жүйесініңғалымдары туралы ақпарат болса, екіншісіндеолардың ғылыми жарияланымдарыжинақталған. 

    Форум қорытындысы бойынша ұсыныстармен ұсынымдар әзірленді.

    қатысты посттар

    Ақшолақ ауылында Ақшолақ орта мектебінің ашылу салтанаты өтті

    Отбасын сақтау – елдіктің белгісі

    Қызылорда: Сырдариялық оқушылар электронды құрылғымен қамтылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.