36 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Мектеп дәретханасында оқушыға вакцина салған кім?

    Қазнетте мектеп оқушысына айтпай, вакцина салып жіберілгені туралы жалған хабар таратылуда, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Таратылған хабарламада елордалық №58 мектепте балаларға жасырын түрде дәретханада екпе егілгені айтылған.

    Stopfake.kz бұл ақпарат туралы сұрап, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына хабарласты. Олар хабардың жалған ақпарат екенін айтты.

    Деректер шындыққа сәйкес келмейді, мұны баланың анасы растады. Киім ауыстыру кезінде 9-сынып оқушысы өзін нашар сезінді. Мектеп медбикесі оқушыға көмек көрсетіп жатқан кезде Бакеева ережелерді бұзып, өзін оқушыға жолатуды талап етті. Ол видео түсірмеңіз деген өтініштерді тыңдамай, жағдайды камераға түсіруін жалғастырды. Ал кезекші дәрігер оқушыға көмек көрсетті, — деп нақтылады ведомстводан.

    Айта кетейік, Қазақстан мектептерінде балаларға COVID-19-ға қарсы вакцина салу әлі жүргізілген жоқ.

    қатысты посттар

    Қазақстанда химиялық кастрацияны механикалық кастрацияға ауыструдың уақыты келген шығар?

    Фариза

    Қазақтың қара домбрасын жерге ұрып сындырған жігіт көпшіліктің ашуын туғызды (видео)

    Фариза

    «Басшылық қоқан-лоқы көрсетті» Бұрынғы колония қызметкері Президенттен көмек сұрады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.