16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соғысты. Тергеу басталды

    Алматы әуежайында ұшақ пен автокөлік соғысып, осы оқиға бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    22 қазанда жоғарыда аталған факт бойынша ҚР ҚК 344 бабы 1-бөлігімен (Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір іс бойынша тергеу жүргізілуде, деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ведомство атап өткендей, ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

    Өз кезегінде Алматы халықаралық әуежайы автокөлік жолы мен ұшақ маршруты қиылысында ұшақ әуежай қызметтерінің бірінің көлігімен соғысып қалғанын растады.

    Зардап шеккендер жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

    Сондай-ақ, әуежайдың баспасөз қызметі ұшақтың FlyJet.kz компаниясына тиесілі екенін растады.

    Ұшақ Бакуден ұшып шығып, Алматы әуежайына 22 қазанда сағат 06:43-те қонған, деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

    қатысты посттар

    Адам толы аттракцион құлап, екіге бөлінді (видео)

    Қарағандыда 21 жастағы жігіт туған анасын ұрып өлтіріп, денесін өртеп жіберген

    Фариза

    «Қызылорда-Түркістан» ақылы тас жолының цемент плитасы көтеріліп кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.