15 C
Алматы
Сенбі, 11 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Б. Сапарбаев: Халқымыздың басты байлығы – тұрақтылық пен келісім

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді.

    Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар мен аймақтық ҚХА алдына бірқатар басым міндеттер қойды. Біздің міндет – осы тапсырмаларды орындауда жұмысты барынша бірлесе ұйымдастыру, – деді облыс әкімі.

    Аймақ басшысы бейбітшілік пен келісімді нығайтуда этномәдени бірлестіктердің ерекше рөл атқаратынына тоқталды. Бүгінде облыста олардың саны 75 -ке жетті.

    Тараз қаласында өткен «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» конференциясы Қазақстанның этносаралық қақтығыстарды алдын алу, ескерту, реттеу және шешу төңірегіндегі тәжірибесі әлемнің көптеген елдерінде сұранысқа ие екенін дәлелдеді. Өңір басшысы осындай іс-шараларды өткізудің маңызды екенін де атап өтті.

    Ресейден, Украинадан, Израильден, Болгариядан, Өзбекстаннан келген шетелдік және өзіміздің отандық сарапшылар бірауыздан біздің ұлтаралық келісімді нығайтудың аймақтық тәжірибемізді кеңінен таратуды ұсынды. Бұл жамбылдықтарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Бізге енді «Бейбітшілік пен келісім» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмысты күшейту керек.
    Президент маңызды міндет қойды – яғни, этносаралық қатынастар саласындағы жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттыру. Тиісті лауазымды тұлғалар олардың қызметін үйлестіруге тікелей жауапты болмақ. Әсіресе елді мекендердің әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінетін болады. Бұған аудан және ауыл әкімдері жауапты, – деп атап өтті облыс әкімі.

    Сондай-ақ, тұрмыстық дауларды шешу үшін медиация тәсілдерін қолданудың маңыздылығына да тоқталды.

    Президент сонымен қатар біздің қоғам мен мемлекетімізге қарсы арандатушылықтың барлық түріне заңды және ақпараттық құралдармен қарсы тұру керектігін айтты. Арам пиғылдылар күнделікті тұрмыстық дауларға ұлтаралық сипат беруге тырысады, осылайша біздің бірлігімізге нұқсан келтіргісі келеді. Бұған жол беруге болмайды, – деді Б. Сапарбаев.

    Ол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, әлеуметтік желілерде үлгі-өнеге боларлық мысалдар келтіріп, көпбалалы отбасылар туралы, күн сайын игі істермен айналысатын жандар туралы, облыстық ҚХА-ның қайырымдылық шаралары жайлы айтып отыруды тапсырды.

    ҚХА-ның кеңейтілген отырысында «Анаға тағзым» орталығының жас ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесін атап өтті.
    Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев ұлтаралық қатынастар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, Аналар кеңесінің жұмысын күшейту, «Ел батырлары – Ел есінде» жобасын жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берді.

    Кездесуге қатысушылар облыс әкімінің «Таразға тарту» жобасы аясында жүзеге асатын ҚХА аллеясын салу бастамасына қолдау білдірді.

    Халқымыздың басты байлығы – тұрақтылық пен келісім. Біз Қазақстанның діни конфессиялар мен барлық этностар арасындағы татулық пен келісім үйлесім тапқан ел болып қала беруі үшін қажетті нәрсенің бәрін жасауымыз керек, – деп қорытындылады аймақ басшысы.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы Талас ауданында 146 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалды

    Фариза

    Б. Сапарбаев: Басты мақсат – халықтың денсаулығын сақтау

    Фариза

    Қызылорда облысында цифрлық сауаттылықты арттыру 5 түрлі бағытта дамуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.