-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Б.Сапарбаев Қазақстандағы Литва елшісімен кездесті

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Литва Республикасының Қазақстан, Қырғыз Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гинтаутас Васюлиспен кездесті.

    Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері мен алдағы жоспарларды талқылады.

    Аймақ басшысы мемлекеттер арасындағы өзара тығыз байланысты ескере келе, елдердің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты да нығайта түсу қажет екенін атап өтті. Облыс туралы жан-жақты ақпарат беріп, әлеуетті инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын тілге тиек етті.

    Біздің облыс аграрлық-индустриялық аймақ болып саналады. Индустриялық даму өңір экономикасы үшін аса маңызды міндет болып табылады. Бірқатар шетелдік компаниялармен бірлесіп ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Жамбыл облысының жер асты қойнауының әлеуеті зор. Жамбылдық жаңартылған энергия көздері нысандары елімізде өндірілетін электр энергиясының 20 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Біздің облысымыз шетелдік қонақтар үшін тарихи орындарымен, әсем табиғи жерлерімен тартымды. Өңірдің әлеуеті зор, біз көптеген бірегей жобаларды бірге жүзеге асырып, түрлі бағыттарда өзара ынтымақтастық ауқымын кеңейте аламыз, — деді облыс әкімі.

    Өз кезегінде Литва Республикасының Елшісі жылы шырайда қабылдаған облыс басшылығына алғысын жеткізді.

    ХХ ғасырдың орта тұсындағы тарихи оқиғалардың нәтижесінде Қазақстан мыңдаған литвалықтардың да екінші отанына айналды, сондықтан бұл ел Литваға өте жақын. Аға буын өкілдері қиын кезеңдерде қонақжайлық, қамқорлық танытқан қазақтарды ризашылықпен еске алып отырады. Осы жылдар ішінде біз Қазақстанмен өзара түсіністік пен достыққа негізделген байланыс орната алдық. Екі ел арасындағы тауар айналымы бірнеше жыл қатарынан миллиард еуродан асып отыр. Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсу және кеңейту үшін барлық мүмкіндіктер бар, — деді ол.

    Гинтаутас Васюлис туризм, «жасыл» экономика, медицина салаларында қарым-қатынасты нығайта түсудін негізі зор екенін атап өтті.

    Облыс әкімі барлық ұсыныстар міндетті түрде ескеріліп, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендірді.
    Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Таразда бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, өңір кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

    қатысты посттар

    Шымкент әуежайы келесі аптада саудаға шығарылады

    Фариза

    Шымкент сырасы өз өнімін шетелге шығаруда

    Фариза

    Құрылыс қарқыны күшейді

    Пікір қалдыру

    nineteen − 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.