-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысында жаңа құс фабрикасы іске қосылмақ

    Тараз қаласының іргесінде соғылып жатқан құс фабрикасын желтоқсан айында іске қосу жоспарланған. Онда жылына 21 мың тонна өнім шығарылатын болады.

    «АСА АГРО» ЖШС салып жатқан құс фабрикасының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, үш жылға жоспарланған жобаның жалпы құны 8 миллиард теңгені құрайды. 2,6 гектар аумақты алып жатқан нысан заман талабына сай жасалып, арнайы құрал-жабдықтармен қамтылады екен.

    «Қазір өңірдің Жамбыл, Байзақ аудандарында құс фабрикалары салынуда. Оны ірі бірнеше компания жүзеге асырып жатыр. Жалпы алдағы жылдары құс еті экспортын арттыратын боламыз», — дейді басқарма басшысы.

    Ал «АСА АГРО» ЖШС директоры Төлебай Меңдіоразов құс фабрикасындағы үш нысанның жұмысын желтоқсан айында іске қосылатынын жеткізді.

    «Бір кездері тауарлы сүт өндіретін фабрика болған ғимарат ұзақ жылдар бойы қаңырап, бос тұрған әрі әбден тозығы жеткен екен. Қазір оны құс фабрикасына ыңғайлап, қайта жөндеу үстіндеміз. Суды алыстан тасымас үшін алдымен ұңғыма қазып, су мұнарасын орнатып алдық. Фабрикаға қажетті құрал-жабдықтар Германиядан жеткізілді. Жыл соңына қарай фабрика алғашқы өнімін бере бастайды», — деді ол.

    Т.Меңдіоразовтың сөзіне қарағанда, мұнда жылына 21 мың тонна құс еті сауда орталықтарына шығарылатын болады. Әр нысанда балапандар 42 күнде күтіп-бағылады. Бұл мерзімде балапандар тиісті салмақ жинайды. Фабриканың әр базасына 3 жұмысшыдан бекітілген. Ал келесі жылы 4 баздың құрылысы жүргізіледі. Бұл өндіріс қуатын екі-үш есеге арттырады екен.
    Үш жылға жоспарланған жобаның құны – 8 млрд теңге, жер көлемі – 2,6 гектар. Бүгінде ескі баздарды күрделі жөндеуден өткізіп, фабриканың талаптарына сай жабдықтап жатқаны туралы айтқан серіктестік директоры Төлебай Меңдіоразов желтоқсан айында жылдық жоспар орындалып, 3 нысанның жұмысы толықтай іске қосылатынын да тілге тиек етті.

    Кезінде тауарлы сүт өндіретін фабрика ұзақ жылдар бойы қаңырап, бос тұрған. Шатырлары да ескірген. Бүгін жұмысшылар тартып, кем-кетігін реттеп жатырмыз. Суды тасымалдап әбігерге түспес үшін фабрика маңанан ауыз су мұнарасының құрылысын аяқтадық. Германия мемлекетінен арнайы құрылғыларда келіп жетті. Жыл соңында фабрика алғашқы өнімін бере бастайды. Егер алдағы жоспарымыз сәтті тиянағын табар болса, біз жылына 21 мың тонна құс етін сатылымға шығаратын боламыз. Мұнда алдымен балапан жеткізіледі. Балапанның күтіп-бапталуына 42 күн қажет. Бұл мерзімде құс еті толықтай тарқап, салмақ қосады. Фабриканың әр базына 3 жұмысшыдан есептегенде 9 адам жұмыспен қамтылса, қарауыл, есепші, басқа да жұмысшылардың жалпы саны 15-ке жетеді. Ал 2022 жылы дәл осы жерден 4 баздың құрылысы, кейінгі жылдары Жұма стансасынан фабриканың тағы филиалдары еңсе тіктейтін болады. Осылайша, өндіріс қуатын екі-үш есеге арттыратын боламыз, – деді ол.

    қатысты посттар

    Шымкент: «Мәдени астана» жылы аясында халықаралық жеті іс-шара өтеді

    Фариза

    Шымкентте науқастар санының азаюына байланысты күндізгі стационар жабылды

    Фариза

    Таразда қаласында Сарысу ауданының күні өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.