-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «СК-Фармация» 159 млн теңгеге алған дәрілердің мерзімі өтіп кеткен

    Былтыр 6 нозология бойынша 26 млрд теңге бөлінбей қалды. Соған қарамастан, 39 нозология бойынша 65,9 млрд теңге тиімсіз жұмсалды. Бұл туралы сенатор Андрей Лукин мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеие жасап.

    «СК-Фармация» ЖШС сақтау қоймаларында 2019-2020 жылдары 159 млн теңгеге сатып алынған препараттар жатыр. Мерзімі өтіп кеткен. Енді, оның бәрін жою қажет. Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық орталықтың есеп-қисабы негізінде препараттардың құнын шекті бағасынан көтерген. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 76-бабында ондай әрекетке тыйым салынған. Соның салдарынан 1,5 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі қымбат бағаға сатып алынды», — деді Лукин.

    Оның айтуынша, нарық қатысушыларына өзара келісімге келіп, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоғары бағамен жеткізуге мүмкіндік беріліп отыр. Мәселен, уәкілетті орган «СК-Фармация» ЖШС-ға тексеріс кезінде 9 млрд теңгенің вакцинасын сатып алу аукционына қатысқан жеткізуші компаниялар арасындағы картель белгілерін анықтады. Олар — «Қазбелмедфарм» ЖШС және «Medix» ЖШС. Клиникалық тиімділігі дәлелденбеген 16 препарат 14,4 млрд теңгеге сатып алынған.

    «Министрдің бұйрығымен 2020 жылдың бірыңғай дистрибьюторлар тізіміне дәрілік заттардың 48 атауы бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Бәрінің бағасы 1,8 млрд теңгеге артық болып шықты. Осыған байланысты Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды кіргізу тәртібін қайта қарауды ұсынамын», ˗ дейді сенатор.

    қатысты посттар

    Жаңа заң бойынша мүгедектігі бар адамға қандай жағдай жасалады

    Фариза

    Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді

    Фариза

    Қызылорда облысында бес жылға арналған жаңа жоба әзірленуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.