33.4 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Шымкентте бірінші сынып оқушысын сабақ үстінде ұрған әйел видеоға түсіп қалды

    Шымкентте егде жастағы әйел мектепте бірінші сынып оқушысының бетінен ұрған. Ол енді баланы ұрып-соққаны үшін сотта жауап береді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

    Оқиға биыл тамызда болған, бұл кезде оқушылар дайындық сабақтарын өтіп жатқан. Бірінші сынып оқушылары жанжалдасып қалған, олардың бірі әжесіне шағымданған. Әжесі кабинетке кіріп, балаға айғайлып, кейін бетінен ұрған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мектеп директорының айтуынша, оқушы әжейді тоқтатып үлгермепті.

    «Баланың бетінде із қалды. Әйелдің қолында сақинасын болғаннан деп ойлаймын», — дейді «Жас Дарын-2» мектебінің директоры Пернебай Беделов.

    Баланың ата-анасы полицияға арыз жазған, ал кейін бала басқа мектепке ауысып кетіпті.

    Оқиғадан кейін екі ай уақыт өтіп, әйел әлі күнге жазаланбаған. Полиция департаменті өкілдері екі айлық тергеуден кейін іс сотқа жеткенін хабарлап отыр. Әйелдің ісі «Ұрып-соғу» бабы бойынша тергеліп жатыр. Оған 30 мың теңге шамасында айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке қамалуы мүмкін.

    Журналистердің пікірінше, сот жасын ескеріп, зейнеткерге айыппұл салуы мүмкін.

    қатысты посттар

    «Молаға барып, күлгендері несі?» Желі қолданушылары Iphone пішінінде жасалған құлпытасты видеоға түсіріп, күлген азаматты сынап тастады

    Фариза

    Шымкенттік «Вal-tekstil» кілем фабрикасы мақтааралға жалпы құны 6 млн теңгелік кілем жіберді

    Фариза

    Шымкентте көпбалалы аналар әкімдік ғимараты алдына түнеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.