Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Qalayym Live жобасының экс-қатысушылары қанша ақша алғанын ашып айтты

    Тележүргізуші Мұхит Сапарбаев OYBAY SHOW жобасында “Еуразия” телеарнасындағы Qalayym Live шоуының экс-қатысушыларымен кездесіп, бағдарлама туралы көпті алаңдататын сұрақтардың жауабын білді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Экс-қатысушылар жобадан неге шығып қалғанын, енді немен айналысатынын, сондай-ақ Qalayym Live бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

    Экс-қатысушылар бағдарламадан нақты қанша ақша алып келгенін және сценарий бойынша жұмыс істегенін ашық айтады.

    “Бағдарламадағы болмысымыз қазіргі өмірімізге сай келмейді. Өмірге реніші бар, ажырасып келген долы әйелдің рөлінде ойнадым”, – дейді қатысушылардың бірі.

    Ал журналистің бағдарламадан қанша ақша алдыңдар деген сұрағына олар ашық жауап беруді жөн көрді:

    “Цифрын айту керек пе? 6250 теңге. Ең соңғы айлығымызды ешқайсымыз алған жоқпыз. Ай сайын алатынбыз. Сонда шамамен 125 мың теңгедей шығатын”.

    Сондай-ақ, экс-қатысушылар бағдарламаға қатысқанына өкінбейтінін айтты. Себебі, олардың айтуынша, көбі жобаға танымал болу үшін, “абырой жинау үшін” келгенін ашық айтады.

    Осыдан кейін жүргізуші ойын ұйымдастырып, экс-қатысушыларды жанжал шығаруға шақырады. Осы кезде экс-қатысушылардың ішінен Әділет пен Ұлдана есімді жігіт пен қыз таңдап алынып, олар бағдарламадағыдай ұрыс шығарады.

    Айта кетейік, Qalayym Live жобасы демалыс күндерін қоспағанда күн сайын 3 сағат эфирден көрсетіледі. Бағдарламаны әнші Аша Матай жүргізеді.

    қатысты посттар

    Астанада үшем дүниеге келді

    ЛОНДОНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР. КАРИНА БЕКТҰР ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРДІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРУ ЖАЙЫНДА

    Маңғыстау облысында тұрғындар малға шөп орнына картон беруге мәжбүр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.