20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Бесінші сыныптың оқушылары сыныптасын ұрып өлтірді

    Талай жылдан бері жөндеу көрмей, әбден тозығы жеткен жер астымен тартылған газ құбырлары елдің үрейін қашырып отыр. Алда-жалда жарылып кетсе, не істейміз деп қорыққан жұрт шағымдарын жеткізді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап.

    Жарылып кетсек не істейміз? Бұл Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылы тұрғындарының қорқынышы. Біршама жыл бұрын газ құбыры жер астымен тартылған екен. Ешқандай жөндеу көрмеген құбырлардың тозығы жетіп, тіпті ауыл арасынан көгілдір отынның иісі мүңкіп тұратын көрінеді.

    Мынаның астында труба бар. Көміліп кеткен. Газдың иісі шығады мына жерден.

    Алда-жалда жарылып кетсе, үлкен трагедияға тап боламыз ба деп торыққан жұрт, құбырларды стандартқа сай етіп жер үстімен жүргізіп берсе дейді.

    Роза Мұсағалиева, Қызылтөбе ауылының тұрғыны:

    Жаздың күндері иісі енді невозможно. Балаларымыздан қорқамыз. Көшеде ойнайтын. Бір жерін қозғап кете ме, жарылып кете ме деп.

    Ал аудан әкімінің орынбасары Нұрбек Қарасаев бұл мәселенің түйінін шешу жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.

    Маңғыстаулықтар жарылып кетеміз бе деп қорқып отырғанда, Көкшетауда газ баллоны жарылды. Оқыс оқиға кеше кеште Көктем шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің 2-қабатында болған. Тұрғындар бірнеше апта орталықтандырылған газ болмағандықтан, баллондарды пайдаланған екен.

    Бибігүл Досова, қала тұрғыны:

    Бірнеше тұрғын мен бірнеше үйге зардап келді. Менің көршімнің екі қабырғасы құлаған. Оларды есіктен шығара алмай, балкон арқылы құтқарды. Қайта бәрі аман-есен.

    Төтенше жағдай салдарынан екі адам зардап шеккен. Олар дереу облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

    Нариман Сыздықов, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

    Зардап шеккен үй иесінің денесін 18 пайызға дейін күйік шалған. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты. Жеңіл жарақат алған балаларды да ауруханаға жібердік.

    Құтқарушылар дер кезінде жетіп, іште қалған бірнеше адамды эвакуациялаған. Арасында балалар да бар. Қазіргі таңда тұрғындарға психологиялық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ оқыс оқиға бойынша жедел желі ұйымдастырылған.

    қатысты посттар

    Алматы облысында 40 жастағы ер адам анасын ұрып өлтірді

    Фариза

    “Артық кеткен жерім болса, кешірім сұраймын…”

    LRT ісі: қорғаушы апелляциялық сотқа Исекешевті, Сағынтаевты, Досаевты, Тасмағамбетовті шақыруды сұрады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.