12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Арон Атабектің жақындары оның денсаулығы жайлы айтып берді

    Қоғам қайраткері Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан қазақстандықтарға үндеу жариялады. Өз сөзінде ол әкесінің денсаулығы нашар екенін айтып, журналистерден отбасының мазасын алмауды өтінді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Stan.kz порталына сілтеме жасап.   

    Атабек

    “Арон Атабекке қазіргі күні бірнеше апта денсаулығының өте нашар екеніне байланысты тыныштық қажет. Пандемия өршіп тұрған кезде, үйге келіп онымен кездесуді сұрап, мазамызды алмауды өтінеміз. Кейбір блогерлер мен журналистер сұхбат алғылары келіп, үздіксіз хабарласып жатыр, бірақ әкеміздің жағдайы дұрысталғанша күте тұрған жөн”, – деп жазады Атабектің қызы. 

    Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабектің жазасы жеңілдетілгені айтылған еді. Ол түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған. 

    Қоғам қайраткердің отбасы оны ақтап шығу үшін және жазаны алып тастау үшін ары қарай күресетіндерін жеткізген. Себебі қазіргі күні Атабекке шетелде ем алу қажет, дейді жақындары. 

    Айта кетсек, түрмеден босатылған Арон Атабек Алматыға ұшып келгені белгілі болған еді. 

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Шығыс Қазақстанда бүтін бір отбасы отқа оранған үйде қалып қойды

    Тоқаев көтерген Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселелі қалай шешілуде?

    Фариза

    Елордада таксидегі жанұшыра айқайлаған қыздың дауысын полицейлер естіп көмекке келді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.