-5.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Экономика

    «Бизнес одан сайын құлдырайды»: кәсіпкерлер тексерістердің басталуына наразы

    Мораторий жариялағанға дейін, кәсіпкерлерге жылына 250 мың тексеріс жасалып келгенін дәйек еткен қауымдастық, саланы жемқорлық жаулайтынына сенімді. Президенттің бизнес өкілдеріне жасаған жеңілдігі мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін. Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлік нысандарын тексеруге қатысты жарияланған мараторийді алып тастау жөнінде ұсыныс айтты.

    Министрдің сөзінше, елдің қаржылық ахуалын жақсартуға бірден бір мүмкіндік осы.

    Сауда кәсіпорындарының қауымдастығы, бұған түбегейлі қарсы, дейді  Qazweek.kz  ақпарат агенттігі.  Мораторий жариялағанға дейін, кәсіпкерлерге жылына 250 мың тексеріс жасалып келгенін дәйек еткен қауымдастық, саланы жемқорлық жаулайтынына сенімді.

    «Былтыр енгізілген тексерулерге үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдауда. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз» — деді министр.

    Министр көп кәсіпкер мораторийді өз пайдасына асырып отыр деген пікірде.

    «Атамекен» палатасы болса, бұл ұсыныспен келіспейді. Олар мұны президенттің тапсырмасына қарсы шығу деп бағалады.

    Олардың айтуынша, 2019 жыл мен былтырғы кіріс деңгейінің 60 пайызға дейін төмендеуі мораториймен байланысты емес.  

    Қаржы министрінің ұсынысына сауда кәсіпорындары қауымдастығының президенті де түбегейлі қарсы. Ол ұсыныс қабылданса отандық бизнес одан әрі құлдырайды деп есептейді.

    Дегенмен ұсыныстың қабылдану мен қабылданбауы белгісіз. Десе де, миллионға жуық микро, шағын бизнес өкілдері бар қауымдастық, салықтық тексерісті енгізбес үшін тиісті органдардың бәріне хат жолдамақ.

    Өңірлерде де жағдай мәз емес. Кәсіпкерлер биліктің тексерісіне наразы.

    Облыстың орталығына айналған – Түркістанның төрінде тағы да тазалық үшін шу шықты. Бұл жолы туристер емес, кәсіпкерлер наразылығын білдіріп, арнамызға арызданды. Айтуларынша, жергілікті билік қала орталығындағы «Қуаныш» базары, ондағы «Азиз» сауда қатарларын нағыз науқанында әй-шайға қарамай, көшіруге кірісіпті.   

    Мариямның – Түркістанда сауда-саттықпен айналысып жүргеніне – 15 жылдан асқан. Несие алып кәсібін дөңгелетуге көшкен келіншек бір жеті бұрын тағы да қомақты қаржы – 500 мың теңгеге тауар әкеліпті. Енді басында қыруар берешегі бар кәсіпкер қазір бұл қарыздарын ғана емес, «Қуаныш» базарындағы мәселеге алаңдайды. Айтуынша, «Азиз» сауда қатарын жоюға бағытталған жергілікті биіліктің бастамасынан шығынға шаш етектен бататын түрі бар.

    Түркістандық кәсіпкер Мариям

    «Қиын ғой бұл. Ең болмағанда қыркүйекке дейін уақыт беруі керек еді. Бас салып, қуып жатыр. Төленбеген қыруар қарызым мен несиелерім бар. Бала-шағаны жаңа оқу жылына киіндіру қажет. Қалтамыздағы соңғы тиынға дейін осы тауар алуға жараттық! Бізге бұлай жасағаны дұрыс емес қой»,- дейді түркістандық жеке кәсіпкер Мариям.

    Бүгінде облыстың орталығына айналған – Түркістанның төріндегі бұл жағдайдың жай-жапсарын жергілікті жұрт әлеуметтік желіге жүктеген. Мәселе бірден қоғамның назарына ілігіп, қызу талқыға түсіп жатыр. Бейнеден байқағанымыздай, қала орталығындағы «Қуаныш» базары, ондағы «Азиз» сауда қатарларын жүйелеу үшін жергілікті әкімшіліктің қызметкерлерімен қатар, қосымша арнайы жасақ жұмылдырылған.

    Бірақ, жылдар бойғы қордаланған мәселе – жабайы сауданың көрігін қыздарғандар бұл қадамға келіспей, наразылығын білдірген-ді. Жұмыла шу шығарыпты. Барлығының уәжі бір – сауданың науқанында шеттетілмей, қолдағы тауарын тауысып алу. Десе де, қала билігі рухани шаһардың тынышы мен тазалығы, туризмі және жаңа құрылысын құнттау үшін тиісті жоспардың бекітілгенін алға тартты. Жұмыстың нәтижесі де жоқ емес.

    Сонымен, Түркістан қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметінше, бүгінде жалпы 600-ге жуық кәсіпкер «Алтын бұлақ» базарына орналасқан. Қалғаны – «Дархан» және «Барлық» базарларына жайғасыпты. Сондай-ақ, жаңа орынға келіп қоныстанған кәсіпкерлер үшін жеңілдік те қарастырылған, яғни, екі ай көлемінде жалға алған орнының ақысын төлемейді.

    Шағын және орта бизнесті бастағандар аяғынан тұрып, алаңсыз жұмыс істеуі үшін бұған дейін де бірқатар әкімшілік шаралар қабылданған болатын. Осыған қарамастан, кәсіпорындарға жиі «қонаққа барып», ілік іздегенді ұнататын құзырлы мекемелер жеткілікті. Осының салдарынан, өкінішке орай, еліміздің кәсіпкерлері құқық қорғау органдарына шағымдануға мәжбүр.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуге қанша ақша жұмсалады?

    Коронавирус тіркелмеген Қазақстанда маска да жоқ, бюджеттен бөлінген 2 млрд та жоқ

    Қазақстанда ет бағасы қымбаттап барады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.