-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жаңатастың жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді


    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Сарысу ауданына жұмыс сапарында аудан орталығындағы қазандықтың жұмысымен танысып, алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын көрді.

    Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Оңласын Мұқашов биыл бу қазандықтарының желдеткіштері жөндеуден өткізіліп, жарамсыз құбырлар ауыстырылғанын, пештің іші жылу сақтауға арналған отқа төзімді кесектермен қаланғанын, қазандықтың бүгінгі күнге жылу беру маусымына 99 пайыз дайын екендігін, тек мазуттың келуін күтіп отырғандарын баяндады.

    Былтырғы кемшіліктердің бәрі ескерілді ме? Зертхана жайы не болды? — деген аймақ басшысы мазуттың, көмір мен газдың бағаларын салыстыра отырып, «көгілдір отынның» арзандығын, алдағы жылы газға көшуді қолға алуды жеделдетудің қажеттілігін атап өтті.

    Аталған бөлім басшысы былтырғы кемшіліктің жөнделгенін, зертханаға 6 миллион теңге қаралып, тапсырыс берілгенін, енді тек әкеліп, орналастыру ғана қалғанын жеткізді.

    Аудан орталығында тұрғындарға жазғы күндері ыстық су беру мәселесін бұдан бұрын да көтеріп жүрген облыс басшысы оны да келесі жылдан қалдырмай қолға алуды аудан әкімінің есіне салды.
    Қазандық 3 су жылыту қазаны және 3 бу қазандықтарымен жабдықталған. Мазуттың сыйымдылығы 11 мың текше метрді құрайды. Жылу жүйесінің ұзындығы – 44,1 шақырым, ауыз су желілерінің ұзындығы – 115,6, кәріз желілерінің ұзындығы – 69,5 километрді құрайды. Орталық қазандық 7011 абонентке қызмет көрсетеді. Мұнда барлығы 153 адам жұмыс істесе, олардың 53-і маусымдық жұмыстағылар.

    «Жаңатас су-жылу» кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Досымжан Жылқыбаевтың айтуынша, 2021-2022 жылдарғы жылыту маусымына қажетті 12870 тонна «М-100» маркалы мазутқа сұраныс берілген (қазіргі қалдық – 218 тонна). Бүгінгі күнге дебиторлық қарыздар 16 миллион 270 мың теңгені, оның ішінде тұрғындардың қарызы 10 миллион теңгені құрап отырғанын да айта кеткен жөн.
    Өткен жылу беру маусымында Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысандар бірнеше тәулікке жылусыз қалғанын жұрт ұмыта қойған жоқ. Қазандық жұмысымен жан-жақты танысып, қысқы маусымға дайындық барысын көзбен көрген Бердібек Сапарбаев алдағы уақытта олқылыққа жол бермеу үшін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевке тиісті тапсырмалар берді.

    – Былтыр көп мәселе болды ғой, осы бағытта тиісті жұмыстар атқарыңыздар. Жылу беруді ауа райына қарай реттеп отыру керек, — деген облыс басшысы аудан әкіміне бірқатар міндеттер жүктеді.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында қайтарымсыз грант алған кәсіпкерлер ерекше бизнес түрлерімен айналысады

    Фариза

    Қала әкімі Радиациялық медицина және экология ҒЗИ ұжымына жаңа басшыны таныстырды

    Жамбыл облысына «Комирнати» Pfizer вакцинасы жеткізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.