5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жастарды әдебиетке жақындататын жобалар ұсынылды

    Шымкент қаласы әкімдігінде қаланың рухани өміріндегібірқатар маңызды жобалар көпшілік назарына ұсынылды. Қаланың мәдени өміріндегі елеулі жаңалықтар, атапайқанда, «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасының атынауыстыру және қайта жабдықтау, қаладағы аялдамалардыбелгілі ғұлама ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғамқайраткерлерінің шығармашылығы бойынша безендірумәселелері зиялы қауым өкілдерінің талқысына түсті. 

    Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанжобалардың маңыздылығына тоқталып өтті. 

    – Биыл елімізде Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы кең көлемде аталып өтілуде. Ғалымдар Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы бар екенін дәлелдеп отыр. Қалада осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Негізгімәселенің бірі  – «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебапкітапханасын Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебапкітапхана деп қайта атау. Биыл 26 мамырда кітапханаатауын ауыстыру туралы ұсынысқа өздеріңіз қолдаукөрсеттіңіздер. 27 тамызда республикалық ономастика комиссиясы оң шешім шығарды. Әл-Фараби атауынберудегі басты идея – бабамызды зерттейтін институт құрып, Шымкент қаласын Әл-Фараби орталығынаайналдыру, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы. 

    Шымкент қаласы әкімі аппарат басшысының орынбасарыРашид Мыңбаев бұл бағыттағы концепцияны таныстырыпөтті. Оның айтынша, қайта жабдықтау бойынша жұмыстобы құрылған. Концепцияны жасауға Әл-Фарабитанушылар, тарихшылар, республикалық белгілікітапханашылар тартылды. Концепция негізінен жетібағытты қамтиды. Кітапхананың залдары ұлы ойшылдыңзерттеген ғылыми бағыттарына арнап жабдықталмақ. Атапайтқанда, ақыл-ой ғылымдары, музыка, жаратылыстану, тілғылымдары, логика, құқықтану ілімдері бойынша безендіружоспарланып отыр. 

    Жөндеу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізіледі. Кітапхананың кіреберіс жері, сыртқы келбеті де жаңакейіпке енеді. Ал кітапханадағы белгілі азаматтардыңаудиторияларын басқа кітапханаларға ауыстыру ұсынылыпотыр. 

    Әселхан Қалыбекова, Мархабат Байғұт, Нармахан Бегалиев, Ханбибі Есенқарақызы, Нариман Нұрпейісов, ҚайратАнарбаев, тағы басқа зиялы қауым өкілдері бұл өзгерістердібірауыздан қолдады. Дегенмен, әлі де жетілдіре түсуқажеттігі жөнінде ой пікірлерін айтты. Жалпыкітапханадағы қаламгерлердің жеке кабинеттерін қаладаорналасқан басқа кітапхана ғимараттарына көшірумәселесін әлі де зерделеу қажет. 

    Бүгінде қалада 260-тан астам аялдама жаңаруда. 145 аялдамаға демонтаж жасалды. Осы аялдамаларды тарихитұлғалардың, ғұламалардың, қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың өмірбаянын, еңбектерін жас ұрпаққатаныстыру бойынша безендіру жобасы да көпшіліктіңталқысына салынды. Бірқатар жоба эскиздері дайындалыпотыр. 

    Жазушы Мархабат Байғұт жастар кітаптан алыстап кеткензаманда ақын-жазушыларды дәріптеу құптарлық іс екенінатап өтті. Дегенмен тізімді әлі де толықтыра түсу қажеттігінде меңзеді. Сондай-ақ, жиында аялдамаларды безендіруменқатар, дұрыс атауға көңіл бөлу қажет деген пікірлер де айтылды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылорда: Жалағашта 940 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылды

    Фариза

    Шымкент: қаланың орталық көшелерінде ауыр жүк көліктерінің жүрісіне шектеу қойылды

    Фариза

    Жамбылда белсенді кәсіподақ мүшелері марапатталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.