22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Ішінен теуіп, бетінен ұрған»: Алматыдағы балалар үйіндегі шулы оқиғадан кейін директоры қызметтен қуылды

    «Жанұя» балалар үйінде соққыға жығылған қызға қатысты Алматы прокуратурасы түсініктеме берді. Құзырлы орган «Жанұя» мамандандырылған кешенінде тексеруді аяқтады, деп хабарлайды  Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq Ryhy порталына сілтеме жасап.  

    Бұған дейін «Жанұя» мамандандырылған кешенінде жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққаны туралы хабарлаған едік. Кадрларда тәрбиеші оқушыны кеудесінен теуіп, бетінен бірнеше рет ұрады. Тексеріс жүргізген прокуратура балалар үйінде өзге де заң бұзушылықтың барын анықтаған.

    «Басшылық мекеменің кейбір қызметкерлеріне жалақыны негізсіз артық төлесе, мекемеге қажетті негізгі материалдық заттар мүлдем жетіспеген. Мекемедегі үй-жайды жөндеу бойынша жұмыстар іс жүзінде толық жасалмаған. «Жанұя» мамандандырылған балалар үйі әкімшілігінің жауапсыздығынан 22 тәрбиеленуші жылдар бойы 10 миллион теңгеден астам мемлекеттік әлеуметтік көмекті ала алмаған. Жетім балалар үшін олардың қайтыс болған ата-аналарының жылжымайтын мүлкі уақытында тіркелмеген», – деп атап өтті прокуратура.

    Сонымен қатар, балалар тиісті деңгейде тамақтанбаған. Ас беруде белгіленген нормалар сақталмай, сапасыз өнімдер сатып алынған және оларды сақтау шарттары бұзылған. «Жанұя» МК басшылығы соңы ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін кемшіліктер жіберген. Қорғансыз балалар тұратын мекемеде санитарлық талап пен өрт қауіпсіздігі сақталмаған. 1967 жылы салынған мекеме ғимараты апатты жағдайда, күрделі жөндеу ешқашан жүргізілмеген. Шағын архитектуралық формалар 10 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған. Прокуратураның ұсынысы бойынша Алматы қаласының әкімдігі «Жанұя» МК бүкіл ғимаратын күрделі жөндеуге және аумақты абаттандыруға, жобаны әзірлеуге қаражат бөлген.

    «Мекемеде мүмкіндігі шектеулі жетім 77 бала тәрбиеленіп жатқанына қарамастан, прокурорлар балаларға тиісті психологиялық және медициналық көмектің жоқтығын анықтады. Нәтижесінде диагнозы жоғары 18 бала мүгедектер үйіне ауыстырылды», – деп қосты қадағалау органы.

    Аудит материалдары негізінде 58 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

    «Істі тергеу шеңберінде осы мекеменің бұрынғы басшысы К. қызметінен, ал тәрбие ісі жөніндегі орынбасары азаматша Ш. сенімсіздікке байланысты жұмыстан шығарылды», – деді прокуратура.

    Сонымен қатар, «Жанұя» МК бас бухгалтері А-ның одан әрі жұмыста қалу мәселесі тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін шешіледі.

    «Менің ойымша, балалар үйінің қазіргі директоры және ол мекеме тәрбиеленушілері мемлекет атынан ресми қамқоршысы болып табылады. Бұл бейнематериалдар мен фотолар кімге, қашан және қандай жағдайда түсірілген? Видеоны түсірген қызметкерлердің уақытылы полицияға хабарласпағаны, өз міндеттерін орындамағаны, балалардың құқықтарын қорғамағаны анықталды. Менің ойымша, мұндай сипаттағы істер бойынша тергеу көбінесе тым ұзақ уақытқа созылады, бұл бұрынғы немесе әлі алынбаған басшылардың қысымына ұшыраған мекеме ұжымына әсер етеді. Жедел реакцияны көрмесе қызметкерлер әділдік болмайды деп қорқады. Алдыңғы директор Алматы қаласының Білім басқармасына заңсыз жұмыстан босатты деп санап, іс бойынша сотқа шағым түсірген. Өзін жұмысқа қайта алуды талап етті және бірінші сатыдағы соттан жеңіліп, апелляциялық шағым түсірді. Ал тергеудің ұзаққа созылуы күдіктілерге олар жасаған заңсыздықтар үшін қылмыстық жауаптылықтан жалтаратынына сенімділік тудырады», – деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин.

    Фото: из открытых источников

    қатысты посттар

    Қазақстанның бес қаласында митинг өткен: министрлік түсініктеме берді

    “Екі жүздей жолаушы болған” Қарағандыда жолаушылар отырған қоғамдық көліктерге оқ атылды (видео)

    Фариза

    Түркістан облысында адам денелері пластикалық бөтелкелерден табылды

    Пікір қалдыру

    two + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.