-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Елордалық хирургтер 100-ден астам магнит жұтып қойған қызға ота жасады

    Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына бір жылда өңеш, асқазан, асқазан-ішек жолдары және бронхтарға бөгде заттар түсіп кеткен 162 бала көмекке жүгінген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына с3лтеме жасап.

    «Негізінен түйме, моншақ, қашықтан басқару пультіндегі батареялар сияқты әртүрлі ұсақ заттарды жұтып қойған 1 мен 5 жас аралығындағы балалар келеді. Дәрігерлер шығарған бөгде заттардың 17 пайызы – магниттер. Көбінесе мұндай жағдайлар ойнап жүріп, қараусыз қалғанда болады», – дейді хирург-дәрігер Серікжан Нұржанов.

    Аурухананың мәліметінше, 56 баланың өңешінен осыған ұқсас бөгде заттар шығарылды, асқазан мен асқазан-ішек жолдарында мұндай заттар 80 баладан табылды, бөтен заттар бронхтар мен тыныс жолына түсуінен 30 бала зардап шекті. 

    «Өткен аптада магнитті-резонансты томографиялық (МРТ) зерттеу үшін ауруханаға түскен 7 жасар қызға операция жасалды. Баланың мұрнын тексеру кезінде дәрігерлер мұрын септумының перфорациясымен бөтен заттар мұрнын (магниттермен) бітеп қалғанын анықтады. 

    Осыдан кейін бала рентгендік зерттеуге жіберілді, ол жақта да асқазанда магниттердің жиналғаны анықтады. Нәтижесінде біз 100-ден астам кішкентай магнитті шығардық. Қазіргі уақытта тексеру және емдеу толық көлемде жүргізілуде», – деді аурухананың хирургиялық блогының жетекшісі Ринат Байгиреев.

    Дәрігерлер бөгде зат денеде неғұрлым ұзақ болса, бала үшін соғұрлым қауіпті болады дейді.

    «Егер бала бір магнитті жұтып қойса, онда ол негізінен табиғи түрде өзі шығады. Егер олар денеде ұзақ уақыт болса жағдай қиындайды. Олар асқазан-ішек жолдарының әртүрлі бөліктеріне жабысып қалады. Ал жабысқан жерде некроз перфорацияға дейін дамиды және перитонитке ұласады. Егер тыныс алу жолында бөгде зат болса, онда ол ателектазды, сол жерде перфорацияға, медиастинитке дейін іріңдеуді тудырады, ал егер АІЖ-ға түссе, онда ол перфорация мен перитонитті тудырады», – дейді маман Нұржанов. 

    Дәрігерлер ата-аналарға сақ болуы керектігін және мұндай жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігін ескертеді.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Вакцина салдырту үшін халықты қымбат сыйлықпен алдаудың не қажеті бар?

    Фариза

    Жамбылда  18 компьютерлік томография аппараты жұмыс істеуде

    Фариза

    Есте сақтау мен көру қабілеті жоғалады — қандай витамин жетіспеушілігі қауіпті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.