-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Судьяларға қазақ тілін үйрететін оқулық жарық көрді

    Сот жүйесінің кәсіби терминдерін қазақ тіліне аударуда әлі де болсын күрделі мәселелер бар, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Әсіресе мемлекеттік тілде жүргізілген істі кейбір процеске қатысушы азаматтар мүлде түсінбей жатады. Осындай болмауы үшін Қарағанды облыстық соты тіл басқармасымен бірлесіп, сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқулық шығарды. 120 академиялық сағаттан тұратын кітапта сот жүйесінің кәсіби терминдері барынша түсінікті етіп аударылған. Алдағы уақытта судьялар осы әдістеме бойынша білімін жетілдіреді. Кейін оқуды қаншалықты игергенін білу үшін емтихан тапсырады. Атап өткен жөн, кәсіби салаға бейімделген тұңғыш оқулық өзге де облыстың сот қызметкерлері мен тілдер басқармаларына жіберіледі.

    «Бұл кітаптың мақсаты – сот саласындағы қыметкерлердің қарапайым деңгейде оқып, тыңдап, жазып түсіну дағдыларын қалыптастыруға негізделді. Жалпы бұл кітапты жазуда сарапшы судьялар бізге көп көмек көрсетті десе болады. Жалпы, бұл кітапты бастамас бұрын 8 ай көлемінде сот саласындағы терминдерді, барлық іс жүргізу актілерінің үлгілерін қарап, сот отырысының хаттамалары, қылмыстық іс, азаматтық іс жүргізуді қарап, зерделеп барып кітап жазуға араластық», — дейді тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мунира Ағымбаева.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Шымкентте талапкерлердің ҰБТ тапсыру кезіндегі түсірілген бейнебақылау жазбалары министрлікке жолданады.

    Фариза

    Енді мектепке жұмысқа орналасу қиындай түседі

    Фариза

    Аймағамбетов: Енді барлық балабақшада міндетті түрде бейнекамера болуы керек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.