-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Неліктен Прзеидент 70 жыл дегенде бодандықтан әзер құтылған халықтың бостандығын орыстардың астына қайта жығып беруде?

    3 қыркүйек күні Шығыс экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен СБЕР компаниялар тобының басшысы Герман Греф Қазақстан Республикасының цифрлық трансформациясы, цифрландырудың платформалық моделіне және «Data-Driven Government» тұжырымдамасына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    Қол қою рәсімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен бейнеконференция байланысы форматында өтті. Құжат Қазақстанда GovTech цифрлық платформасын енгізу, деректерді талдау және жасанды зерде бойынша практикаларды қолдана отырып, мемлекеттік басқарудың реинжинирингі және цифрлық трансформациялау бойынша ынтымақтастықты дамытудың негізгі тәсілдерін көздейді. Цифрлық архитектураның платформалық моделі халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің жылдамдығы мен тиімділігін арттыруға жол ашады, делінген болатын primeminister.kz сайтында.

    Бір қараған адамға, әрине, бұл жай ғана екі ел арасындағы күнделікті жасалып жатқан келісімшарттардың бірі секілді болып көрінеді. Өйткені, «биліктің тіліндегі» көп дүние халыққа түсінікті бола бермейді. Ал бұл меморандум бей-жай қарап, көз жұма салатын кезекті бір отырыс емес. Себебі, бабаларымыздың қанымен, өздері көре алмаса да ұрпағымыз бейбіт елде өмір сүрсін деген ата-бабаларымыздың арман-мақсатымен келген тәуелсіздікті бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер министр Асқар Мамин бір қол қойылған парақпен Ресейдің қолына ұстата салуда. Неліктен Прзеидент 70 жыл дегенде бодандықтан әзер құтылған халықтың бостандығын орыстардың астына қайта жығып беруде?

    Мәселе қайдан шықты?

    Атап өткеніміздей 3 қыркүйек күні ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен СБЕР компаниялар тобының басшысы Герман Греф арасында екі ел Президенттерінің қатысуымен меморандум болған болатын. Бұл жердегі цифрлық трансформация, цифрландырудың платформалық моделі дегеніміз Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының жеке мәліметтері тіркелген EGOV.kz базасы.Ал СБЕР банк барлығымыз білетіндей Ресей мемлекетіне тиесілі. Яғни, алдағы уақытта бүкіл Қазақстан азаматын Ресей үкіметі басқарады деген сөз.

    Осыған байланысты қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан былай деді:

    Егер біз мемлекеттік ақпараттық жүйені ресейлік компанияға беретін болсақ, онда біз қандай тәуелсіз мемлекетпіз? Демек, мемлекеттік органдар мен жеке мәліметтер базасының барлық деректері шет мемлекеттің қолында болады деген сөз бұл. Яғни, басты басқару жүйесі солардың қолында болады. Кешегі меморандум соның анық көрсеткіші. Басқа елдер өздерінің ақпараттық және цифрлық қауіпсіздігін күшейту үшін барын салып жатса, біздікілер Ресейге өз қолымен табыстап жатыр. Сбербанк қазір цифрлық экожүйесінен үлкен шығынға батуда. Біздің өз елімізде де білікті IT компаниялар жеткілікті. Солардың арасынан тендер ойнату қажет еді. Кешегі Сбербанкпен өткен меморандум — ел тәуелсіздігі үшін үлкен жеңіліс.

    Ия, расында Қазақстанның өзінде де біліктілігі жоғары IT компаниялар жеткілікті. Қазіргі таңда IT саласы қарқынды дамып келуде. Бұл мәселені шешу өз еліміздегі мамандарының да қолынан келетін дүние еді. Президенттің кеңесшісі болған Олжас Құдайберген де аталған мәселеге шетелдік мемлекеттерді араластырудың қажеті жоқ екендігін жеткізді.

    «Бұл мәселе осы меморандуммен ғана тоқтайды деп үміттенемін. Gostech жобасы үшін шетелдік компаниялардың қызығушылығын оятудың қажеті жоқ еді. Бұл мемлекеттің жеке мәселесі. Біздің IT компаниялардың да бұл мәселені шешуге білімдері мен біліктіліктері жеткілікті», — деді ол.

    Аталған іске біздің мемлекетіміз 300 миллион доллар көлемінде қаржы бөлмек.

    Мемлекетіміздің білімі жетіп тұрған отандық компанияларға еліміздің ең құнды мәліметтерін сеніп тапсырмай, қазақ үшін ең қауіпті болған елге тапсыруының сыры неде? Неліктен тәуелсіздігі бар мемлекеттің маңызды деректер жүйесін бөтен мемлекет басқаруы керек? Сұрақ көп, дегенмен, ескеретін басшы болса.

    Конституциямыздың өзі мемлекеттік құпия ақпаратты жариялауға заңмен тыйым салған жоқ па еді?

     18-бап. Мемлекеттiк құпияларды жария еткенi үшiн,  сондай-ақ ақпаратты заңға қайшы құпияландырғаны үшiн жауаптылық

          Мемлекеттiк құпиялардың сақталуын қамтамасыз етуге жауаптылық мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң ұйымдар мен бiрлестiктердiң басшыларына жүктеледi.

         Мемлекеттiк құпияларды жария еткенi немесе ақпаратты заңға қайшы құпияландырғаны үшiн, сондай-ақ осы Заң талаптарын бұзғаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қылмыстық және әкiмшiлiк жауапқа тартылады.

    Мемлекеттік құпия — ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келмес үшін мемлекеттің әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау және халықаралық құқықтың әлемге ортақ қағидаларына қарсы келмейтін басқа да шараларды сәтті іске асыру мақсатында таралуына шек қоятын және өз қорғауында ұстайтын мәліметтері. Мемлекеттік құпияға жататын мәліметтер және олар сақталатын құралдар мемлекет меншігі болып табылады.  

    Егер басшымыздың өзі заңға бағынбайтын болса, ата заң Конституция кім үшін? Тек қарапайым халықтың қылмысын көріп, соттау үшін ғана болғаны ма? Бүкіл халықтың жеке мәліметін бөтен елдің қолына ұстатып беру – бір мемлекетті басқа елдің басқаруына бере салумен бірдей емес пе? Ата-бабамыздың қанымен келген тәуелсіздікті саудаға салатын күнге жеткені ме?

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    «Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы» Тоқаевтың төтенше жағдайға байланысты жарлығы толық күшіне ене алмады

    Фариза

    Қарағұсова: Біз қанша сұраса да, бере саламыз…

    Жалақысы 80 мың теңгеден төмен барлық адам салықтан құтылады — Президент кеңесшісі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.