15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Бүгінгі өлім-жітімдер – жиіркенішті және сатқын экономикалық саясаттың салдары

    БҰНДАЙ ҚАСІРЕТТІҢ СЕБЕПТЕРІ НЕДЕ?

    Соңғы уақытта біреулер вирустың тарауына халықтың өзі кінәлі, біздің ұлттық дәстүрлеріміз кінәлі деп кінәлап жатқанын көріп жүрмін. Ал енді бұл вирус біздің елде неге тез және қатты тарап, бірден пневмонияға айналып, өлім-жітім көбейіп кетті деген мәселеге тереңірек үңіліп көрейікші.

    Қазір Қазақстанда вирус өзге елдерге қарағанда қатты тарап жатқаны анық көрініп отыр. Оның үстіне өлім көрсеткіші жоғары пневмониямен қатар тарауда. Коронавирус көбіне пневмонияға көшеді. Бұның барлығы халықаралық рейтингтерде тіркелген фактілер. Тіпті, бұл «жұмбақты» шешу үшін ДДҰ-дан комиссия келіп тексеретіндей халге жетті.

    Неге бұлай болды? Менің ойымша мәселе орта есептегі әрбір қазақстандықтың денсаулығының әлсіздігі мен иммунитетінің төмендігінде. Өйткені вируспен ең алдымен адамның иммунитеті күреседі ғой, иммунитет салауатты өмір салтынан, генетикадан, сонымен бірге экологиялық орта құнарлы тағам, сапалы су және ең бастысы адамның жүйке жүйесінің жағдайына байланысты қалыптасады.

    Біздің генетикамыз дұрыс, салауатты өмір салты, спортпен шұғылдану туралы жиі жазып жүрмін. Қазір мен иммунитет қалыптастырушы факторлар – экология, сапалы тамақ пен суға назар аудартып, халқымыздың психологиялық жағдайы туралы жазғым келеді.

    1. ЭКОЛОГИЯ. Қазақстанның әр облысы – экологиялық апат аймағы деп айтсам ешкім таңқалмас деп ойлаймын. Әлемде мұндай ел жоқ. Өскемен, Теміртау халқы, қыста алматылықтар қандай ауа жұтып жүр, ауа сапасы Атырауда да проблема. Шымкенттегі күл, қорғасын-мырыш өндірісінің қалдықтары, қаншама жыл ашық әдіспен игерілген уран кеніштерін еске түсіріңіз. Ондаған жыл істеп тұрған космодром зардабын шеккен Қызылорданы еске түсіріңіз. Цианидтен 6 есе қауіпті гептилді еске түсіріңіз. Гептил тек Байқоңырда ғана емес, Капустин Яр (БҚО), Сарышаған (Қарағанды), Сенек (Маңғыстау), Тазғыр және Тайсоған (Атырау) жерінде де проблема. Алматы облысы Сарыөзектегі жақын және орта қашықтықтағы зымырандарды құлатуды еске түсіріңіз. Бұл тек менің есіме түскені ғана. Экологиялық апат біздің халықтың иммунитетіне қатысы жоқ деп ойлайсыз ба? Қатысы болғанда қандай!

    Судың сапасы. Осыған дейін суға қатысты екі-үш мемлекеттік бағдарлама болды, қаншама млрд доллар ақша шығындалды, ал, ауылдарда әлі сапалы су жоқ. Ал адамның ағзасының өзі 80 пайыз судан тұрмай ма? Егер ол судың сапасы нашар болса, қайдан денсаулық болады?

    2. ТАМАҚ. Бірнеше жыл бойында халықтың экономикалық ахуалы қай деңгейде екенін бәріңіз жақсы білесіз. 196 мың теңге орташа жалақы – коронавирустан 400 адам өлді деген сияқты Ұлттық экономика министрлігінің кезекті өтірігі. Жастар (тек олар ғана емес) көптен жұмыссыз жүр, жер латифундистердің қолында. Халық негізінен жоқшылықтың кесірінен тұтынушылық несиемен отыр, жалдамалы пәтер жағалап жүр. Енді осы адамдар күнде не тамақ ішіп жүр деп ойлайсыз? Көкөніс, жеміс-жидек, ет, балық, деликатес жеп жүр ме әлде доширак, жарма, күріш, вермишель ме? Жауабын жақсы білесіздер. Халықта күнделікті дұрыс тамақтануға ақша жоқ! Осындай жағдайда мықты иммунитет қайдан болсын!

    Сондықтан бүгінгі өлім-жітімдер – халық денсаулығының төмендеуіне алып келген соңғы он жылдықтағы жиіркенішті және сатқын экономикалық саясаттың салдары.

    3. ХАЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. Ай сайын кредитке төлейтін, балаларға киім әперетін ақшасы жоқ, қыста көмір түсіре алмай отырған, жайылым жерлер қалталыларға өтіп кетіп, мал жаятын жері жоқ отбасының психикасын елестетіп көріңізші! Мен тіс емдету, жыл сайын денсаулығын тексерту, курортқа бару туралы айтып отырған жоқпын.

    Ең жаманы үміт сәулесі жоқ! 90-жылдары да қиын болды, бірақ, сәл шыдасақ бәрі жақсы болады деген үміт болды. Қазір ол жоқ. Осыдан кейін біз суицид, тастанды балалар, ажырасу жөнінен әлем чемпионымыз… Қазір көшеде жай жолға таласып адам бір бірін өлтіріп жатыр. Адамдардың шыдамы таусылды. Осындай жағдайда қайдағы иммунитет!
    Организмде вируспен күресетін күш қайдан болсын?

    Қорыта айтқанда, коронавирустың осылай тез тарап, жылдам пневмонияға айналуы экономика, денсаулықсақтау, жергілікті өзін өзі басқару саласындағы жауапсыз әрі сауатсыз саясаттың, ел аумағында өзге елдердің полигондарын орналастыруға байланысты бодан күйде отыруының, әкімдер мен министрлердің өз қызметіне уақытша деп қарауы, бір партияның ұзақ жыл бойы мәслихатта да, Парламент пен Үкіметте де монополия орнатуының салдары.

    Мұхтар Тайжан

    қатысты посттар

    Карантин екі аптаға ұзартылып, 42 500 теңгеден беріледі

    Фариза

    “Сайлауға түскенде Қосановтан көбірек дауыс жинай алар едім…” – Жүрсін Ерман

    Тоқаев адамдардың жиналуына қатысты қатаң ескерту жасады

    Пікір қалдыру

    sixteen − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.