-15.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Аю 5 жасар қызды тістеп алды

    Қостанай ауданындағы демалыс орнында кірекей (ұрғашы аю-ред) қыз баланы тістеді. Бұл фактіні облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде түсіндірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

    Ақпаратты әлеуметтік желілерде оқиғаның куәгерлері мен зардап шеккен қыздың жақындары таратты.

    «Олар 5 қыркүйек күні бес жасар қыздың ата-анасымен бірге аумағында торға қойылған кірекей бар «Радуга» демалыс орнына келгені туралы айтып берді. Анасы мен қызы оны тамақтандырмақ болған. Басында кірекей өзін жақсы ұстаған. Одан кейін қыз бала өз бетінше торға жақындайды. Осы кезде кірекей қызды аяғынан тартып, оны бірнеше рет тістеген. Баланың айғайына оның ата-анасы мен демалып жатқандар жүгіріп келді. Қыз бала құтқарылды. Жіліншігі тістелген бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», — делінген хабарламада.

    Болған оқиға расталды, аталмыш факті бойынша Қостанай ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 114-бабы «Денсаулыққа абайсызда зиян келтіруге» сәйкес соталды тергеуді бастады. Ол 80 АЕК көлемінде айыппұл немесе сол көлемде түзеу жұмыстарын, немесе 20 тәулікке бас бостандығынан айыруды қарастырады. Бастапқы тергеу әрекеттері жүргізілді.

    Демалушылар қазіргі кезде кірекейдің демалыс орнының аумағында торда екенін хабарлап жатыр. Оның жанында ескерту мақсатында сақтық шараларын сақтау керектігі туралы тақтайшалар қойылған.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында тұқым тазалайтын зауыт — оңтүстік өңірдегі бірегей жоба

    Фариза

    Жамбылдағы Бесағаш ауылында асарлатып салынған 4 үй берілді

    Фариза

    Шығыс Қазақстан соя мен жүгеріні ҚХР-ға экспорттайды

    Пікір қалдыру

    2 + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.