-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жұртты балағаттап «танымал» болған педагог әлі қызметінен босатылмаған болып шықты

    Этикаға жат қылығымен қоғамның талқысына түскен Түркістан облысының мектеп қызметкері Ұлжан Елмұратова туралы даулы мәселе әлі де басылар емес. Ордабасы ауданындағы А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі бұрынғы орынбасары келеңсіз жағдайдан кейін жұмыстан шығарылған болатын. Алайда Төребек Сейдуалиев есімді Facebook қолданушысы атышулы орынбасардың мектеп қабарғасындағы қызметіне қайта оралғаны туралы жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    Автордың парақшасында жүктелген видеода өзін Маржан Каназарова деп таныстырған Бадам ауылының тұрғыны А.Шерімқұлов атындағы мектептің ішіндегі жағдайды түсірген. Дәлізде отырған бір топ жұмысшылар мектептің ішін әктеп-сырлауға келген екен. Айтуынша, оларды жексенбі күні жұмысқа жеккен — мектеп директорының экс-орынбасары Ұлжан Елмұратова.

    «Кеше бізді сағат 5-те Ұлжан Елмұратова шақыртқан. Біз келдік, содан соң жиналыс өткізді. Оның қандай завхоз (шарушылық бөлімінің меңгерушісі) екенін білмейміз. Бізде басқа Нұрсұлтан деген завхозымыз бар. Ал ол кісі (Ұлжан Елмұратова — авт.) бізге келіп бұйрық беріп кетті. «Міне осыны сырлайсыңдар» деп айтты», — дейді видеодағы жұмысшы келіншек.

    Шаруашылық бөлімнің жұмысшылары аптасына бір келетін жексенбі күнін жұмыста өткізуге мәжбүр екенін айтады.

    «Екі күн демалыста бізде де тірлік бар. «Бәрің жиналыңдар, біреуі қалмасын. Егер істемейтін болсаңдар, заң аясында сөйлесеміз» деді. Амалымыз жоқ, бала-шаға өсіріп отырғаннан кейін келдік», — дейді жұмысшылар.

    «Біздің жұмыс уақытымыз — күніне 7 сағат. Жұмыс істеп жүргенімізге бір айдай уақыт болды. Бірде бояуы жоқ, бірде құралы жоқ болып қалады. Осылай созып жүрді. Бізді кіші қызметкерлер деп басынып жүреді. Демалыста ел қатарлы демалып, үйдің тірілігін істей алмаймыз», — деп шағымын айтты жұмысшы әйелдер.

    Жұмысшылардың айтуынша, мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметін бұған дейін Әділхан есімді азамат атқарған. Ал, ол жұмыстан кеткеннен кейін оның орнына Нұрсұлтан есімді жаңа қызметкер келген. Видеода айтылғандай, Әділхан Ұлжан Елмұратованың қайын інісі болса, Нұрсұлтан — күйеу баласы екен.

    Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жұртты балағаттап «танымал» болған педагог суицид жасады

    Ал аудандық білім басқармасы бұл жағдайдан бейхабар болып шықты. Ондағы мамандар да Ұлжан Елмұратоваға қатысты жаңалықты әлеуметтік желілерден естігенін хабарлады. Осылайша 31 тамыз күні аудандық білім бөлімінің кадр жөніндегі бас маманы мен заңгері аталған білім мекемесіне арнайы барып, көтерілген мәселеге қатысты зерделеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде мектеп директорының міндетін атқарушы тұлғаның заңбұзушылық әрекетке жол бергендігі анықталған.

    «Өздеріңіз білетіндей, маусым айының басында Ұлжан Елмұратова өзінің лауазымына қарама-қайшы келетін моральдік қылықтар жасағаны үшін 18 маусым күні қызметінен босатылуға тиіс болған. Ол кезде мектеп директоры қызметін Ақбөпе Өмірзақ атқарды. Негізі, сол 18 маусым күні А.Шерімқұлов атындағы орта мектепте Әдеп кеңесінің мүшелері, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі кеңесінің мүшелері және Облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының қатысуымен бірлескен кеңейтілген кеңес өткіздік. Сол отырыстың қорытынды ұсынысы бойынша Ақбөпе Өмірзақ та жұмысынан босатылды. Алайда Ұлжан Елмұратованы жұмыстан шығару бойынша бұйрыққа Ақбөпе Өмірзақ қызметінен кетпей тұрып қол қойған болатын», — деп түсіндірді Ордабасы ауданы білім бөлімінің маманы Мұхитбек Сәрсенбеков.

    Бір қызығы, Ұлжан Елмұратова 18 маусым күні еңбек демалысында болған екен. Осыған сәйкес құжаттағы бұйрық бойынша директордың атышулы орынбасары демалыстан кейін жұмысқа шыққан күні қызметінен кетуі керек болған.

    Алайда директордың міндетін уақытша атқарушы, мектеп басшысының оқу-ісі жөніндегі бұрынғы орынбасары Бақыт Бек Ұлжан Елмұратованы сол күйі жұмыстан шығармаған болып шықты.

    «Бақыт Бек бұрынғы директор Ақбөпе Өмірзақтың Ұлжан Елмұратоваға қатысты шығарған бұйрығының күшін негізсіз жойған. Сөйтіп оны өзінің өтініші бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі қызметінен директордың шарушылық ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырған», — дейді Мұхитбек Сәрсенбеков.

    Директор орынбасарларының хикаясы мұнымен бітпейді. Ұлжан Елмұратова еңбек демалысының мерзімі аяқталғаннан кейін де жұмысқа шыққанды жөн көрмеген сыңайлы. Нақтырақ айтқанда, ол осы жылдың 31 желтоқсанына дейін ақысыз еңбек демалысына кеткен болып шықты.

    «Мектепте осындай дау болғандықтан жөндеу жұмыстары дұрыс жүргізілмеді. Осыған байланысты 28 тамыз күні өндірістік қажеттілікке байланысты Ұлжан Елмұратова қайта жұмысқа шақыртылған. Осылайша Елмұратованы кіші қызметкерлердің Whatsapp-тағы чатына қосады. Ұлжан Елмұратованың айтуынша, ол ешкімді жұмысқа шығуға мәжбүрлемеген, тек өтініш жасаған. Бұған қатысты әзірге бізде ешқандай дәлел жоқ, сондықтан оның ақ-қарасын әлі зерделейміз. Елтұратованың жұмысқа қайта келгендігін көпшілік сол кезде білген», — деді аудандық білім бөлімінің маманы.

    Нәтижесінде даулы мәселе аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің кіші кеңесінде қаралып, Бақыт Бекті директордың міндетін атқарушы лауазымынан босату туралы шешім қабылданғаны мәлім болды. Ал жаңа қызметке аудандық білім бөлімінің әдіскері Ержан Мырзабеков тағайындалған екен.

    «Біз оған кеңестің шешімі бойынша Бақыт Бектің Ұлжан Елмұратоваға қатысты шығарған барлық бұйрықтарының күшін жою туралы ұсыныс айттық. Осылайша қазір Ұлжан Елмұратова ол мектепте жұмыс істемейді. Ал Бақыт Бекке келер болсақ, ол кісі өзінің бұрынғы қызметіне, яғни оқу-ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары лауазымына қайта оралды», — деді Мұхитбек Сәрсенбеков.

    Фото: из открытых источников

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында бір топ адам түн ішінде әкімді ұрып кетті

    Фариза

    Қытайдан қашып келген Қайша Ақан мен Мұрагер Әлімұлы шабуылға ұшырады

    Фариза

    Танымал тұлғалар, расыменде, халықпен бірге алданданғандардың бірі болды ма, жоқ әлде, олар да алдаушылар ма?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.