Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Ауғанстанда құқығын сақтауды талап еткен әйелдер наразылыққа шықты

    Ауғанстанның Герат қаласында 70-ке жуық әйел наразылық білдіріп, ел билігіне жаңадан келген «Талибан» қозғалысының басшылығынан (Қазақстанда тыйым салынған) әйелдер құқығын сақтауды талап етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    Митингке шыққан әйелдердің лидері Фрибе Кабрзани әйелдердің жаңа үкімет құруға атсалысуға мүмкіндігі болуы керек екенін айтты. Оның айтуынша, елдің соңғы 20 жыл ішінде жеткен жетістіктеріне ауған әйелдері айтарлықтай үлесін қосып, құрбандыққа көп барған.

    «Бізді әлем естісе дейміз, өз құқығымызды сақтағымыз келеді», — деді митингті ұйымдастырған Фрибе Кабрзани.

    Оның айтуынша, әйелдердің көбі өлтіреді деп қорыққаннан наразылыққа шықпаған.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    «Қолымнан келгені осы болды…» — қалыңдығынан айырылған жігіт жерлеу кезінде жұрттың жағасын ұстатты

    Алматыда кенеттен жол опырылып, жермен бірге көлік жардан құлап кетті

    Фариза

    Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланды: Карантиннен үйге қамалған халық енді топ-тобымен мектептерде түнеуге мәжбүр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.