19 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    “Мәйіті табылды” Анасының көз алдында ұрлап әкеткен бала өлі табылды

    Үш күн бұрын баланы анасының көз алдында ұрлап әкеткен, сол кезден бастап іздеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Қарағанды облысында бұған дейін ұрланған баланың мәйіті табылды.

    Бала Бұрма ауылында 5 қыркүйек күні жоғалды, оны анасының танысы ұрлап кеткен. Бірнеше сағат бұрын баланың мәйіті бұтаның арасынан табылды, деп хабарлады еріктілер.

    Іс бойынша басты күдікті – баланың анасының танысы, олар бұрын көңіл қосқан екен.

    Әйел қайта қосылғысы келмеген соң, еркек өш алуды ұйғарған. Ол баланы куәгерлердің көз алдында ұрлап әкетіп, кейін ізін жасырған.

    Іздеуге 200-ден астам адам жұмылдырылды, алайда нәтиже болмады.

    Бүгін таңертең ауылдан баланың мәйіті табылғаны белгілі болды, бала ұрланған жерге жақын маңдағы бұталардың арасында жатқан.

    Баланың мәйітінде көзге көрінетін жарақат жоқ. Өлімнің алдын ала себебі – буындыру.

    Елді мекенде 250 адам тұрады, жергілікті тұрғындар да іздеу жұмыстарына атсалысты, олардың айтуынша, ауылды түгел қарап шыққан.

    Полиция департаменті күдіктіні іздеп жатыр.

    қатысты посттар

    Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан қаза тапқандардың саны артты (видео)

    Павлодарда 15 жастағы қызды зорлаған педофил қолға түсті

    Фариза

    Таразда екі айдан соң үйіне қайтпақ болған ұлттық ұлан сарбазы белбеуіне асылып қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.