Четверг, 11 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Елордада мектептен өрт шығып, оқушылар эвакуацияланды

    Нұр-Сұлтанда мектептегі өртке байланысты оқушылар эвакуацияланды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Бүгін сағат 09.10-да «102» шұғыл байланыс желісіне Иманбаев көшесіндегі No54 орта мектепте өрт болғаны туралы қоңырау келіп түсті, деп хабарлады қалалық ПД.

    Полиция мектеп оқушылары мен мұғалімдерін қауіпсіз жерге эвакуациялап, жақын маңдағы көшелерді қоршауға алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

    Оқиға орнында арнайы техника тартылды, өрттің аумағы 8 шаршы метрді құрады. Өрт толығымен сөндірілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына себеп — электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, — деп хабарлады полициядағылар.

    қатысты посттар

    Оралда қоқыс контейнерінің жанынан өлі табылған нәрестенің анасы ұсталды

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда гей жігітті зорлап, бопсалау арқылы 3 миллион талап еткен жігітердің қылмысы әшкере болды

    Фариза

    Қытай түрмесінде жазықсыз жігіт өлім жазасына кесілген

    Пікір қалдыру

    1 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.