16 C
Алматы
Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда 45 мың ит пен мысыққа чип салынады

    Алматыда 45 мың үй жануарларына чип салынады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ветеринария бөлімі басшысының айтуынша, чиптеумен қатар ит пен мысықты құтыруға қарсы жыл сайын вакциналау жүргізіледі.

    Әйгерім Жақсылық қаңғыбас жануарлардың мәселесін шешу үшін микрочиптер орнатылатынын нақтылады.

    Қаңғыбас жануарлардың көшеде пайда болуының негізгі себептеріне қыдыруға босатып жіберу, жоғалтып алу, қасақана тастау жатады. Ал чиптің болуы көшеден табылған жануарды иесіне қайтаруға немесе иесін жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алматылықтардың үй жануарлары туралы барлық деректер иттер мен мысықтарды сәйкестендірудің бірыңғай базасына енгізілетін болады, – деді ол.

    Сонымен қатар, үй иттері мен мысықтарын ұрық жолын бітеу мен піштіру мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ары қарай жалғаса бермек. 2024 жылға қарай Алматыда 28 000 жануар осындай процедурадан өтеді.

    Мемлекеттік бағдарлама үйсіз жануарлар санын заңды реттеуге бағытталған. Ұрық жолын бітеу мен піштіру бағдарламасы жылына екі рет, ақпан мен тамызда жүргізілетін болады, – деді Жақсылық.

    қатысты посттар

    Атырау облыстық перзентханасында шақалақ жерге құлады – Бас дәрігер өз еркімен жұмыстан кетті

    Фариза

    Қайрат Сатыбалдыны ұстау кезінде ұшағында қанша доллар болған?

    Фариза

    Қармақшыда 50 жылдан астам жұмыс істеген трансформатор қайта жаңғыртылуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.