13 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қармақшыда 50 жылдан астам жұмыс істеген трансформатор қайта жаңғыртылуда

    Қармақшы ауданында «Жосалы» бас қосалқы станциясын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

    Қосалқы станция құрылысының сметалық құны 1 702 млн теңгені құрайды. Бұл станция жарты ғасырдан астам уақыттан бері жұмыс істеуде. Айта кетейік, күш трансформаторының орташа қызмет ету мерзімі 20-25 жылды құрайды. Бірақ сауатты және білікті техникалық қызмет көрсету және жөндеу күшімен «Қызылорда ЭТТК» АҚ персоналымен энергетикалық жабдықты пайдаланудың екі есе мерзіміне қол жеткізілді.

    220/35/10 кВ қосалқы станциясының электр жабдықтарын қайта құру жобасында қарастырылған, қуаты 25 МВА Т-1 220/35/10 кВ және қуаты 6,3 МВА Т-2 35/10 кВ күштік трансформаторларын орнату, 35 және 10 кВ тарату құрылғыларының жабдықтарын монтаждау, сондай-ақ жедел басқару пункті бойынша жұмыстар аяқталуда.

    Қайта құру электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге, белгіленген қазіргі заманғы жабдықта электр энергиясының шығынын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

    қатысты посттар

    Жұтпен күреске бөлінген бюджеттің 700 миллион теңгесі әлі игерілмеген

    Фариза

    ҚЫЗЫЛОРДАДА «SYR VOLONTERLARY» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

    Фариза

    Қазалылық кәсіпкер оттегі баллондарын толтыруға көмек көрсетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.